Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (18-бөлім)

Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 2 мин оқу

Түсті меңа бүгін жүз мың ғаламат,
Гоя меңа арасат қиямат.
Жаратқан Зүлжалал қадір кәрамат,
Афтада мен міскіндерге пиям бер.
Жоқтан өзің һәр кімсені бар еттің,
Бейшара мен ғаріплерге пиям бер.

Күлғасыл дер болды әлам таза,
Фасыл зымыстаным болмады жаза,
Өлді деп жұртқа болмас ауаза,
Бенде болған бектеріме пиям бер.

Әл-ғарыз, тырналар ұшып Машалға кетті. Жеті айлық жолды үш күнде алдылар. Бесін шақта зынданның үстінен тырналар айлана берділер. Жүсіпбек тырналарды көріп, бір сөз дейді бұ дүр:

—Мен айтай бүгін арыз халыны,
Тырна, сәлем дегіл біздің елдерге.
Жылап өткертем өзімді,
Тырна, сәлем дегіл біздің елдерге.

Бір түс көрдім атам рух қанаты,
Айрылысудан хасте тәнім жанады.
Ат екен дүр мәрд жігіттің қанаты,
Тырна, сәлем дегіл қыблагөһіме.

Бұ зынданнан жапа шегермін,
Фәлакаттың ләшкеріне төгермін,
Көздерімнен қанды жастар төгермін,
Тырна, сәлем дегіл кағбам анама.
Дін Хорезм ерді менің мекенім,
Анда қалды ойнап өскен жараным.
Емікдешім һәм мейірбаным,
Сәлем дей гөр нашар сіңліме.
Һеш кетпедің бұ зынданнан,

Бұлттардай кетпедің,
Хорезмнен бұ жұртқа келдің,
Сәлем дей көргіл асыл жан жарыма.
Мен қалмасым қияметтің күніне,
Жаһд айлабан бара білмейм жаныңа.
Арыз халім хош жігіттер,
Тырна, сәлем дей гөр елдерге.

Бүгін мұндан ғизам тұтармын,
Жеті жыл бәланд қарлы таудан өтермін.
Жүсіптің сәлемін айтарсың,
Тырна, сәлем дегіл намдар бектерге.

Әл-ғарыз, тырналар Жүсіпбектің бұ сөзін есітіп, зынданның лебіне қонды. Андан соң зынданның басынан айлана берді. Кәтта тырнаның қанатына көзі түсті. Хатты оқып Жүсіпбектің көңлі хош етті. Тырналары шаһар Машал барып гүл-гүл һәммат қылып, таудан асып баян алып келгіл деп хабар бергені:

—Қанатыңа тоған түсіп,
Жолдарда көрмесін лашын,
Мәшты пәрмен менің үшін,
Бары-жоғын біліп келгіл.
Мен едім жаһанның бір гүлі,
Ұшты бағым бұлбұлы,
Жүсіпбегім әгар болса һәм тірі,
Қанат қағып ойнап келгіл.
Фәлак андан жада қылса,
Хазан ұрып гүлім солса,
Жүсіпбегім өлген болса,
Қара байлап жылап келгіл.
Мен қалдым ғамға былғанып,
Һижраны лайық шұлғанып,
Қанымға қарап жүзланып,
Алыс жерге барып келгіл.
Мен қалып есім кетіп,
Кеше-күндіз қандар жұтып,
Ықылас бірле пәруаз етіп,
Басымнан айланып келгіл.
Естіп кел Күлғасыл зары,
Асыл сөз сенің оқлы жайлы,
Исфаһан шаһарынан Бозұғлан келсін.
Жігіттері бар дүр діллә бишақлы,
Ұрыс майданында жолбарыс сипатлы,
Һәр жігіттің бірі бар дүр не шақлы,
Исфаһан шаһарынан Бозұғлан келсін.
Жігіттері бар дүр арыстан жүректі,
Майданға кіргенде кіргелі,
Бедеулі ат һәм самарлар тілеклі,
Исфаһан шаһарынан Бозұғлан келсін.
Қарлығаш, сол дүр сізге сәлемім,
Тағдыр билән есітіңлер кәламым.
Бек Жүсіп дер тигір үшбу пиямым,
Исфаһан шаһарынан Бозұғлан келсін.

Әл-ғарыз, Жүсіпбектен бұ сөзні естіп битағат болып Исфаһан шаһарына қарап жөнеліп берді. Әл-ғарыз, зынданда Баба Ғұмарды имам қылып намаз оқыдылар. Көңлі бұзылып, біздің зындандан шығар күніміз бар мекен деп пірлерден медет тілеп, пайғамбарлардан шафиғ келтіріп, зар-зар жылап Әлу қожа, Шәріп қожа пірлерін жоқтап бір мінәжат оқыды:

Тағы оқыңыз