Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (19-бөлім)

Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 2 мин оқу

—Баршаны жаратқан Қадір Құдайым,
Хабар алғыл ғаріптердің халынан.
Кім жақсы, кім жаман өзің білесің,
Хабар алғыл ғаріптердің халынан.

Көздерімнен ағар лале тынбай жасым,
Жеті жыл дүр болдық ғамдарға һәм дам.
Бихақ құрметі Хазірет Адам,
Хабар алғыл ғаріптердің халінен.
Бұ халімді кімге айлайын дафтар,
Ғаріппін зынданда көңлім мукаддар,
Бихақ құрметі Нұх пайғамбар,
Хабар алғыл ғаріптердің халынан.

Жеті жыл дүр мекенім қараңғы зындан,
Көрінбес көзіме жер бірле аспан.
Әбу Бәкір, Омар, Оспан, Хайдар,
Хабар алғыл ғаріптердің халынан.

Айрылдым елімнен болдым сәркардан,
Кеше-күндіз болды көңлім гөриян.
Сипаһының пірі дүр Шаһмардан,
Хабар алғыл ғаріптердің халынан.

Дін шырағы болан, иә, Имам Ағзам,
Мұхаммедке үммет, халыққа мүслім.
Бихақ құрметі Мекке Мұстафам,
Хабар алғыл ғаріптердің халынан.

Хақ қабыл айламас айласам тәуба,
Алла арысланы, иә, Әли баба,
Зиярат айлар ем жылда бір кағба,
Хабар алғыл ғаріптердің халынан.

Құдайым салып дүр біздерге кулфат,
Һеш бенде көрмесін мұнда қанша зұлмат.
Хасен, Хұсейін, Мұхаммедке жегербәнд,
Хабар алғыл ғаріптердің халынан.

Бек Жүсіп дер һеш қалмады нышаным,
Жүрегімде көп дүр дағ арманым,
Әлу Қожа шейх Шәриф ишаным,
Хабар алғыл ғаріптердің халынан.

Әл-ғарыз, бұл мінәжат Құда даргаһында қабыл болды. Баба Ғұмар Құраннан аят оқып, ұйықтап қалды. Банагаһ зынданның ішіне бір жарық пайда болды. Жүсіпбек уақыты хош болып қарады. Зынданның ішіне ғұлғала ұрып, мұхабат ұрып, шілтендерін рухтары билән пірлердің рухтары құрметі Хазірет Шаһмардан хазір болып, Жүсіпбектің қолына үш гүл беріп, арқасына пәнжа ұрып, Әлу қожа, Шәріп қожа желуларында болып жөнеліп берді. Бұ Шәріпні көріп Баба Ғұмарны оятты. Пірлері кәрамат билән ғайып болды. Баба Ғұмар:—Мен түсімде хазірет Шаһмардан пірімді аяғына басымды қойып жатып ердім.

—Сен һошыңда көрген болсаң, мен түсімде көрдім,— Жүсіпбек айтты.

—Кімдер еді?—Баба Ғұмар сауал сұрады. Жүсіпбек жауап берді.

—Сахар уақытында жатқанда,
Тұр дегендер кімдер еді?
Тұтып даст даманымнан,
Жүр дегендер кімдер еді?

—Сахар уақытында жатқанда,
Пірлер жылап келділер.
Тұтып даст даманымнан,
Тұрғыл жолға кір деділер.
—Пікір дүр үммет қасдына,
Нұрдан қаддахлар бастына.
Олтырған тахытның үстіне,
Таныдың ба кімдер еді?

—Әділеттік таққа мінген,
Қап қаусынға барған.
Рафраф мініп көктен енген,
Хақ Мұстафа ерділер.

—Сахар қасыңа келгендер,
Арқаңа үш пәнжа ұрғандар,
Қолыңа үш гүл бергендер,
Хабар берген кімдер еді?

—Пида болсын жан жаһан,
Еренлер болды мейірбан.
Әбу Бәкір, Омар, Оспан—
Құда сүйген құлдар еді.

—Хақтың мінген дүлдүлі,
Еренлер ішре бұлбұлы,
Зұлфақарлы, қара тонды
Оң жақтағы кімдер еді?

—Құдайымның сүйген досты,
Ғаза қылмақ оның қасты,
Тауды жығар-ды басы,
Шаһмардан шерлер еді.

—Радасы дүр бойында дүр,
Тасбих қалам қойнында дүр,
Жәндасы бар елінде,
Тіллә киген кімдер еді?

—Хақ жолыны сыйлаған,
Уәли ішре сөйлеген,
Дүниені жеті айланған,
Баһауаддин пірлер еді.
—Залымдар көрген дүнияда,
Мехнаттар тартқан зияда.
Екі қошақ патша зада,
Хабар берген кімдер еді?

Тағы оқыңыз