Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (36-бөлім)
Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 2 мин оқу
Тілдері зікір саналы,
Біздерге мейірбан опалы,
Ақыр сол болды ахуалы,
Кағбам Ғұмар Бабам қане.
Асыз менің қадірданым,
Фәлак жақты истиханым,
Сенім ауаза шырын жаным,
Кағбам Ғұмар Бабам қане.
Заһарым пешт панаһым,
Ғаріптікте бас һамраһым.
Сейітбегім қыблагөһым,
Кағбам Ғұмар Бабам қане.
Зияда болды аның дерді,
Шын-Машын ерді шаһары.
Со даргаһның шәкірті,
Кағбам Ғұмар Бабам қане.
Ахметбек дер сол дүр ісім,
Фәлакқа жеткей налашым.
Зынданда болғанда жолдасым,
Кағбам Ғұмар Бабам қане.
Әл-ғарыз, бұ сөзді Ахметбектен есіткеш Жүсіпбек айтты:— Әй, Бабам өлген болса, өлігін діллә табытқа салып көрсетпесе, һәммелерін қылыштан өткерермін,— деп Жүсіпбек бабасын жоқтап, аның жүзін көргенше:
—Бабам үшін келдім Үргеніш жұртынан,
Жарас қылмайм аның жүзін көргенше.
Тура білмейм жан Бабамның дертінен,
Үміт үзбейм тегі андан өлгенше.
Зындан ішре дәйім ерді һамраһым,
Дұғагөйім менің пешет уа панаһым.
Көзімдің раушаны һәм қыблагөһым,
Өлсем жақсы андан жада болғанша.
Ғұмар Бабам тірікліктен сұрармын,
Өлген болса, тән жасадын көрермін.
Әгар жоқ десе, бәріңді һәм қырармын,
Аузыңа қан ағып келгенше.
Ансыз көрінбес дүр жан жаһаным,
Кітабымыз һәм діні иманым.
Жүрегім, қанатым, арам жаным,
Тағатым жоқ андан жада болғанша.
Емді нелайын шаһ ішінде мұңдасым,
Кешелер һәм дамым күндіз сырласым.
Бабам еді пенделікте жолдасым,
Тағатым жоқ та Бабамды көргенше.
Мен Бабамды қылмасам зиярат,
Қырғын етей майдан қанға толғанша.
Әл-ғарыз, андан соң Жүсіпбектен бұ сөзді есіткеш Қаракөздің реңі ұшып, қайта барып Көзалшаһқа айтты:—Баба Ғұмарды шығарып алмасақ болмай дүр,—дейді. Әл-ғарыз, Көзалшаһ үш жүз алпыс саркардасы билән зынданға барып Баба Ғұмарға сәлем беріп, Көзалшаһ бір сөз дейді:
Әл-ғарыз, Көзалшаһтан бұ сөзді естіп Баба Ғұмар Көзалшаһқа қарап бір сөз дейді:
—Есіт емді гөзал,
Һәркез шықманым, шықманым.
Бұ сөзіңе айла бауыр,
Һәркез шықманым, шықманым.
Мекен болды маған зындан,
Елілхалқынан болдым пінһан.
Неше уақыттар көрдім һадам,
Пенделігім болды мағлұм.
Қаза жетпей жоқ дүр өлім,
Тағын шықманым, шықманым.
Жапа бірле шұлғаныппын,
Һажран отына өртеніппін.
Бұ зынданға үйреніппін,
Емді шықманым, шықманым.
Баба Ғұмар айтар саған,
Жапа шектім күннен-күнге,
Отан болды зындан маған,
Мұнан шықманым, шықманым.
Әл-ғарыз, Көзалшаһ жасауыл беріп шаһарға мардкар салып, зынданның атрапын ойдырып, жер бірле жексен қылдырып, Көзалшаһтың өзі келіп Баба Ғұмарға тола болып қоймай, зынданнан шығарып діллә керней келтіріп, шаһана сырнай қақтырып, қазынадан інжу-маржан шығарып, ділләдан арба қылдырып, үстіне Баба Ғұмарды міндіріп, қырық саркардасының қасына қырық қызды алдыға салып ұзатаны ұзатып жіберді. Банагаһ Жүсіпбектің ләшкері көріп тұрды. Ділләдан арбаға мініп, жалтырап шаһардан шықты. Көріп Баба Ғұмарды һәммелері зиярат қылды. Жүсіпбек, Ахметбек жылап Баба Ғұмар билән көрісіп, хал-ахуалын сұрасып, Баба Ғұмарға Жүсіп хан бір сөз дейді: