Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (33-бөлім)
Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 2 мин оқу
Әл-ғарыз, Көзалшаһ наманы оқып, реңі ұшып айтты:—Бұл ойың күйкіл. Бұ сөз айтып дүр емді нешік табдир қылармыз. Мұнан басқа айнақ адамдары бармекен деп дал болды. Ерсе бір саркардасы айтты:—Ахметбек деген інісі бар дүр. Анда Көзалшаһ мұнда һәм бір тола болып көрсек деп тоғыз түрлік тарту, он қашар діллә, он хошруй қыз жіберді. Зинһар Лат-Манатты жетпесін, барадарлық қылып ортаға түсіп жарастырып елші жіберіп, Ахметбек нама жазып, бұ наманы жіберді. Оқып көрсе сөзі сол дүр.
Әл-ғарыз, Көзалшаһ наманы оқып, «Лат-Манат» деп дүр.— Емді нешік қылармын, нама бәле болды,—деп дал болды. Ерсе бір саркардасы айтты:—Ошал уақытта ерді бір түс көрдіңіз. Тағбирын һешкім білмеді. Әма Баба Ғұмар білді. Жұртыңды Жүсіп алар деп айтты. Аны зынданға салдың. Ақыр Баба Ғұмардың айтқаны келді. Хазір һәм болса зары тола қылып азар қылып көңліңнен кінәсын шығарсаң болар,—дейді. Бұл саркарданның сөзі мақбұл болып, үш жүз алпыс саркардасы билән Баба Ғұмарға барып сәлем берді. Һәммесі бірден азар етіп көңіл кірін шығарды.—Жүсіп, Ахмет біздің үстімізге келіп дүр. Сізді елші қылып жіберерміз. Анда Баба Ғұмар басын көтеріп, Көзалшаһқа қарап бір сөз айтқаны бұ дүр:
—Жүсіп, Ахмет келер болса үстіңе,
Дүние малын берсең қабыл айламыз.
Һәммең қалдың қылыш, найза астыға,
Қан жыласаң һәркез манзұр айламыз.
Әуел тұтып бенде қылып өзіңді,
Дад айласаң есітмеслер сөзіңді.
Қабыл қылмас шорылыққа қызыңды,
Басыңды кесер аслан манзұр айламыз.
Һамаңа мойынына заулын салдырып,
Жалладларға терілерің сойдырып,
Тәж-тахтың отқа салып күйдіріп,
Көшер кетер аслан мәнзіл айламыз.
Жүсіп ханға үшбу істер баһана,
Ристаның толар қырмызы қаны.
Екеуін жеті жыл салдың зынданы,
Қасасты алар табдал айламыз.
Кәтталарын топқа салып атарлар,
Біріңе біріңді кепіл айламыз.
Әгар берсең жүздік құл хорларды,
Тәж-тахтың қазына баршаны.
Қабыл қылмас қарар еткен сөзіңді,
Жараспаққа һәркез мәйіл айламыз.
Ғадаб қылып сағ-сауалын алар дүр,
Хандаққа өліктерін толтырып,
Баба Ғұмар тұғры сөзді айта дүр,
Тұғры сол һәркез рахымы айламыз.
Әл-ғарыз, Көзалшаһ Баба Ғұмардан бұ сөзді естіп уаһым басып еді. Ылажны білермісіз?—дейді. Көзалшаһ айтты:—Қайсы кітапта көрдіңіз?—дейді. Ерсе Баба Ғұмар Көзалшаһқа бір сөз дейді:
—Нұсқаларда, тарихтарда бітілген,
Түсің дүр Ахмет билән Жүсіп хан.
Сол жіберген төрт кітапта бітілген,
Түсің дүр Ахмет билән Жүсіп хан.
Далан етіп қызы, жавон бәріні,
Тұғры қылып асырамаққа жолыны.
Анғам етіп қызы, жавон бәріні,
Түсің дүр Ахмет билән Жүсіп хан.
Азап бірле марғұбларға бұйырып,
Көздеріне қорғасындар құйдырып,
Ағазыңнан тілдеріңді суырып,
Түсің дүр Ахмет билән Жүсіп хан.
Рахымы келмес көзден аққан жасыңа,
Шенің шар кісі қоймас қасыңа,
Ғамлар салып әлу қояр басыңа,
Түсің дүр Ахмет билән Жүсіп хан.
Көген солар бойын махкам тартарлар,
Жерге көміп нысанаға атарлар,
Жазайыл оқтап мың топ атарлар,
Түсің дүр Ахмет билән Жүсіп хан.