Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (4-бөлім)
Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 2 мин оқу
Көзалшаһ баба Ғұмарды алдырып келді. Көрген түсін айтып бір сөз дейді:
—Жатып ердім тахыт үстінде кеше,
Екі жолбарыс маған тіктеп тұрдылар.
Жаныма қасд етіп меңа бірнеше,
Уахшат билән текрадашым алдылар.
Нағыра тартып маған қарап тігілді,
Зарып сенден қанатларым бүгілді.
Басыма алғаным жерге төгілді,
Қол көтеріп маған шеңгел салдылар.
Көргеш аны шашырап тұрдым жерімнен,
Сен хабар ал емді менім халымнан.
Бір қара құс озып ағазымнан,
Паруаз етіп көп аңланып тұрдылар.
Сағ солдан ағыр ләшкер жетісіп,
Жасау тартып менім билән тұтысып.
Көшеге ғауға салып топтар атысып,
Елатым өзіме дұшпан болдылар.
Көзалшаһ дер менде тағат қалмады,
Көргеш аны хаб рахат қалмады.
Ұлығ-кішік тағбирды білмеді,
«Хош тағбир» деп сізге хабар берділер.
Әл-ғарыз, Баба Ғұмар айтты:—Бұ түстің тағбирын хұп білермін. Төменде тұрып айтпағаны өзіме мінәсіп көрмеспін,—дейді. Көзалшаһ тахтынан түсіп Баба Ғұмарды тахтыға шақырып, Көзалшаһтың түсін, уақиғасын айтып бір сөз дейді.
Сол халде Баба Ғұмар Көзалшаһқа қарап жауап бергені бұ дүр:
—Көрген түсің сеңа дәрд, әлам дүр,
Язит шаһы есіт үшбу кәлам дүр.
Жолбарыстай шеңгел салған белінен,
Жүсіп алар шаһарыңды көрген ахуалың.
Көтерген ләкин қан маңдайын—
Мейірлерге шашылған қызыл қаның дүр.
Ағазыңдан шыққан рух—жаның дүр,
Жүсіп алар шаһарыңды көрген ахуалын.
Хорезмде бар дүр Жүсіп атлығ,
Ғасар салах сұхбатыда ғайш-ғишратлық,
Түсіңде болған дүр жолбарыс сипатлық,
Жүсіп алар шаһарыңды көрген ахуалын.
Не себептен шаһым реңін қорқарды,
Аспаннан Тәңірім төрт кітап жіберді.
Әлидің шәкірті Баба Ғұмарды,
Жүсіп алар шаһарыңды, көрген ахуалын.
Әл-ғарыз, Көзалшаһ ашуы келіп, Баба Ғұмарды зынданға салды. Көзалшаһ жар шақыртып еді: «Һәркім Жүсіпбек билән Ахметбекті бенде қылып келтірсе қазынамды, қызымды беріп, бектер бегі ілімді берермін»,—дейді. Һешкімнің өзі талап қылмады. Мырза Мәмет деген бір ғаяр бар ерді. «Мен бағлап келермін» деп талап қылды. Көзалшаһ айтты:—Неше ауазасын есітіп қорқып кеткен,—дейді. Сонда Мырза Мәмет:—Мен барсам бір жыл, бір-екі жыл қызмет қылсам, Лат-Манат муяссар қылса, бағлап келермін,—дейді. Анда Көзалшаһ айтты:—Білгеніңше қылғыл,—деп жауап берді. Мырза Мәметке Батпай деген жорғасы бар ерді, аны берді. Мырза Мәмет мініп жөней берді. Бір айлық жолды үш күнде алды. Машал билән Үргеніштің арасы жеті айлық жол ерді. Жеті тау бар ерді. Мырза Мәмет жиырма бір күнде Үргеніш жұртына келді. Жүсіпбекті көрді. Жүсіпбек айтты:—Қайдан келіп, қайда барарсың? Мырза Мәмет айтты:—Машал шаһарынан келермін. Көзалшаһтың қазынашысы ердім. Көзалшаһ бір жаман түс көріп, тағбирын сұрады. Һешкім табалмады. Әлқисса бұл Көзалшаһтың үш жүз алпыс сәркардасы бар ерді. Көзалшаһ ғадаб қылды. «Түсімді тағбирын табалмасаңдар, өлтүрермін» дейді. Бағзыларын өлтірді, бағзылар қашып кетті. Мен сізге бас қанжығалап келдім,—дейді. Жүсіпбек айтты:—Хош келіпсің! Ат, анжам берді. Өзіне нөкер қылды. Мырза Мәмет бедірек зияда атақ болды.