Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (31-бөлім)
Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 2 мин оқу
Әл-ғарыз, Жүсіпбек айтты:—Ыхтияр сізден. Бозұғлан хан айтты:—Алдыңа қарауыл қылып адам бұйырғыл. Бір айлық жол қалды,—дейді. Жүсіп хан Әшірбек сардарды үш жүз алпыс жігіт билән қарауыл қылып берді. Әшірбек сардар он бес күні болғанда бір қырдың үстіне шықты. Он бес байрақ, тоғыз ту келер. Көзалшаһ Үргеніш жұртына ләшкер қылып Асқар тауына жығылып жөнелмекші ерді. Бұ бөлегі ерді. Жігіттер бұларды көріп уа һәм басты Әшірбек сардар жігіттерге марданалық беріп бір ғазал оқыды:
—Еніп келдік ғанимдарың үстіне,
Жаннан кешпектік дүр емді, жарандар.
Шаһмардан һаммат берер біздерге,
Дін жолын ашпақтық дүр, жарандар.
Ауаза кетсін тахта фәлакқа,
Ғұлғалалар жетсін көкте малакқа.
Олжа қылсаң байрақ билән туыны,
Тұман басып бәле қасірет тауыны.
Язидтен өткеріп найза тиғыны,
Қанын жара шашпақтық дүр, жарандар.
Қайыл болсын бізге аһл заманы,
Сұм язидтер кетпесін де аманы.
Мәрд жігіттер соғыс етсін майданда,
Мехнатқа қашпақтық дүр жарандар.
Жүректен кетсін дерт дағлары,
Бүгін бұл дүр айрылысу шақтары.
Алла десіп Хорезмнің бектері,
Шырын кешпек жаннан тұрар жарандар.
Әшірбек дер дәйім сол дүр матлаб,
Шаһид болмақ менің мақсұдым,
Арызым есіт барша менің һәм дамым,
Кебін тонын шешпектік дүр, жарандар.
Әл-ғарыз, Әшірбек сардар «Алла» деп ат қойып, бірте-бірте шаншып дұшпандарды бенде қылып, мың бендені Жүсіп ханға келтіріп берді. Жүсіп хан тілеш қылып жіберді. Һәммесін қырдылар. Әшірбек сардарға бахас қылды ке тек бегі заман қатты мың жігіт билән талап қылды. Жүсіп хан фатиха беріп, сегіз күн дегенде көп ләшкер азим көрінді. Отыз ту, елік байрақ әкелер жігіттерімен келдік. Аһасте қылдық деп Теке бегі заманы неше жерден тимсал келтіріп бір сөз дейді:
—Мардана жігіттер әгар кірсе майданы,
Мұханнастар жары бермек істемес.
Реңі ұшып басын тығар жағаға,
Жасау тартып қарап тұрмақ істемес.
Мұханнастар соғыс етпес міскінін,
Бағбан болса жыға білмес гүлшаны.
Мәрд жігіттер мекер болса дұшпанын,
Соғыс етер сағат заман істемес.
Мұханнастар қыла білмес ісіні,
Жаман күнде төгер ермес көз жасын.
Қошақларға үшін берер басыны,
Мұханнастар һәркез майдан істемес.
Әл-ғарыз, бұларға бахас қылып Сапа ұғлы Шаған деген баһадүр бар ерді. Көрұғлыны көріп қалған сипаһы кезер ерді. Жасы отызда ерді. Тоғыз мың жігіт билән келіп, талап қылды. Жүсіп хан фатиха беріп жіберді. Үш кеше-күндіз болғанда үш жүз алпыс ту көрінді. Бұл Көзалшаһтың өзі ерді. Көп ләшкер билән келер Сапа ұғры бір ғазал айтты:
—Жарандарым, Кербалада бас берер,
Қылыш шапса химаят бер, Құдайым.
Дін жолында раббана деп жан берер,
Мүшкілдерге кифаят бер, Құдайым.
Фазылың билән сауал сұрар хабарда,
Кәрім бірле башарат бер, Құдайым.
Тыңда барым ағайыны сұрарлар,
Өзің сақта аманат дүр, Құдайым.
Иләһи құрметі сұлтаны сәруар,
Бихақ құрметі әуел шаһ сәруар.
Һәр жігітті қылғыл мыңға барабар,
Бұ дәулетті керемет қыл, Құдайым.
Кісі білмес бұ дұшпанның саныны,
Бүгін бізге керемет қыл, Құдайым.
Құдірет билән бұ әлемді жаратқан,
Күллі ашия құдірет бірле бар еткен.
Сапабек дүр қадір екем данасын,
Кім жақсы, кім жаман өзің білесің.
Заһир-батын һәм сырын егесін,
Мұрадымды кифаят қыл, Құдайым.