Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (14-бөлім)

Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 2 мин оқу

—Мұнан біздің елдер шаһның қасына,
Саудалар түсірмедің жасына.
Разы болғыл Құда қылған ісіне,
Айланамын жүргіл, Жүсіп сұлтаным.
Менмендіктен көрдім бойле бәлені,
Жад етіп жылар ем Қадір Құданы.
Биажал шықпасын пешенең жаны,
Айланамын жүргіл, Жүсіп сұлтаным.
Бұлбұлдай гоя бастар ғазар рахматы,
Құда ашқай һәр бенденің бақытын.
Ақыр алармын Машал шаһардың тахытын,
Айланамын жүргіл, Жүсіп сұлтаным.
Жолым түсті захмат сақтадым,
Фәлак зұлымнан қандар жыладым,
Жеті жыл уаһабе һаммат бағладым,
Айланамын жүргіл, Жүсіп сұлтаным.
Кештлер етіп кезермін таулар,
Қырандар етермін дұшпандар бәрін.
Иншалла алармын шаһтың қызын,
Айланамын жүргіл, Жүсіп сұлтаным,
Пендесінің үмітін Құдадан рахмат,
Шерияздан бізге болып химаят.
Бұ сөзді айтып өткен Ахмет,
Айланамын жүргіл, Жүсіп сұлтаным.

—Жетті халым Хазірет тауы,
Биік дүр жолдарың сенің,
Ашылар гүлшан бағың,
Сайратар бұлбұлдар сенің.
Еренлер жолым түскенде,
Күшлі ғанимдер қасында,
Қыбладан шамал үстінде,
Сайратар шерлерің сенің.
Менмендіктен көрдім мен,
Жол бір болмады бізге дала,
Биікте таулар, кең дала,
Дала ішінде жыладым қасында.
Қиямет таңы атқанда,
Ысрапыл сорын тартқанда,
Дүниені пәни еткенде,
Тебіренбес сенің таулар.
Бір таулар бар аты Қап-ты,
Ақ гауһардан жақты,
Һеш кімсе көрмесін лапты.
Һеш жоқ дүр теңдерің сенің,
Бір жамамың бар көбісте,
Көрген адамдар хасте,
Суын ішкен болмаса шипа,
Болар суларың сенің.
Сен таулардың сұлтаны,
Білерсің адам заманы,
Үш жүз алпыс пір мекені,
Шекерден дүр суларың.
Сенен медет сияда,
Ісім барша хата жылармын.

Әл-ғарыз, Жүсіпбек, Ахметбекті Машалдың шаһарына жақындап, жұртқа тигерді. Жүсіпбек шаһарға келдік деп Ахметбекке қарап бір сөз дейді бұ дүр:

—Сен меңа жігербенде,
Язидтың шаһарына келдік,
Кісі көңлімнің қарары,
Құрылды махшар базары.
Қырық жігітімнен айрылып сынды қанатым,
Язидлерге бенде болыппын,
Машалдың шаһарына келдік.
Басымда һажаранның бәлесі,
Тәнімде кулфат жарасы,
Көрінген Машал қалғасы,
Язидтің шаһарына келдік.
Ахметбекті бауырын дағлап,
Язидлер қолды бағлап,
Жүсіпбек дер қандар жылап,
Машалдың шаһарына келдік.

—Дүниені жаратқан қадір Құдайым,
Ахмет бірле екеумізге не болды,
Ғаріплікте менің панаһым,
Ахмет бірлән екеумізге не болды?!

Мұқарраб періште ғарыш үстінде он екі мың,
Жүз жиырма төрт мың пайғамбар,
Мағрипта, Машриқта өткен еренлер
Ахмет бірле екеумізге не болды?!

Бүгін болды айрылудың махшары,
Жағынып тилан етті көңлім кесірі,
Хасен, Хұсейін шаһидтің сәруары,
Ахмет бірле екеумізге не болды?!

Нәсім кәби жан жисымым бара дүр
Арман бірле ғұмырым өтіп бара дүр,
Ахмет бірле екеумізге не болды?!
Бек Жүсіп дер һеш қалмады,
Сол нәсімнен көкке шығар афғаным.
Әлу қожа Шейх Шәріп ишаным,
Ахмет бірле екеумізге не болды?!

Әл-ғарыз, дұшпандар тасқа тұттылар. Пірлердің рухтарынан медет истағанат келіп, дұшпандар тасқа тұттылар. Тасты ұрса, қайтып өзіне тиді. Көзалшаһ естіп уаһым басып, Рикастанға тахтыны құрып, үш жүз алпыс сәркардасы билән Жүсіпбек, Ахметбекті Машалдың халқы тамашаға жиылып, мұрадын уа шәріп хорларын көрмек үшін келерлар. Тасты атқан бағзы дұшпандар мағиуб мүбтала болып қалды. Көзалшаһ айтты:— Бұл жерде жылап тілер жоралар бар ма?—деп айтты. Жүсіпбек Көзалшаһқа қарап, өзін тағриф қылып, бір ғазал оқығаны бұ дүр:

Тағы оқыңыз