Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (5-бөлім)
Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 3 мин оқу
Әлқисса, екі жыл арадан кешті. Исфаһан жұртына Жүсіпбек билән Ахметбектің ауазасы кетті. Бозұғлан хан тағасы есітіп арзу қылып: «Шырындай жиендерімді сапам деп көрмесем жаман болар» деп, Исфаһан жұртын дәулет хауасыға тапсырып, екі мың жігіт билән жөнелді. Неше мүдәт жүріп, Үргеніш жұртына келді. Жүсіпбек билән Ахметбекті көріп, зияда хош уақыт болды. Күндерде бір күн көп жігіттер билән Жүсіпбек Бозұғлан патшаны саламға келді. Банагаһ алардың ішінде Мырза Мәметті көріп: «Сол бедіректі өлтір,—дейді,—пендеге зарар тиер, өлтірің»,—деп бір ғазал оқыды бұ түрлі:
—Бір насихат саған баян етейін,
Көздері ала дүр, өлтір сол құлды.
Жанымды жанға құрбан етейін,
Көздері ала дүр, өлтір сол құлды.
Неше уақыттар жүріп халды сақлар,
Хайла білесің қолыңды бағлар.
Айрылысу отына баурыңды дағлар,
Басыңа бағлар бәлесін, өлтір құлды.
Көздері ала дүр, жүздері қансыз,
Шаһтан келген дүр сізлерге жансыз.
Қолын бағлағанда мұны танырсыз,
Көздері ала дүр, өлтір сол құлды!
Әл-ғарыз, Бозұғланның бұ сөзі Жүсіпбектің көңліне қатты тиді.
—Ауазым тұтып дүр күллі жиһанды,
Мендей дүнияда арыслан болар ма.
Муяссар айлар ем жеті ағламды,
Дост һәм досты келер мәрдтің жанына.
Алар ма бәріні күмән болар ма,
Өлтірсем мырза мен дүр қанына.
Бұ сөздерің мұханнастың шәніне,
Бір кісі мың кісіге дұшпан болар ма.
Мені деп келген дүр неге білменім,
Дұшман болса бұ істерді қылманым.
Бұ құлды өлтіріп нәмарт болғаным,
Менің кәбі сахиб қыран болар ма.
Хош сауда табар бинай жаны,
Дафиғ етермін жерден келген бәлені.
Көрерсің дүниеде жақсы-жаманы,
Біздердей дүниеде балуан болар ма.
Жеті жастан бері ғазат қылармын,
Қызылбасқа қара күндер салармын.
Қасд қылғанда Исфаһанды алармын,
Жүсіп-Ахметбек кәбі сұлтан болар ма?
Әл-ғарыз, Бозұғлан айтты:—Менмендік қылып, кәпірлерге бенде болғанда, «тағамның сөзін қабыл қылмадым» деп арзу қыларсың.
Өкпе қылып Исфаһанға кетті.
Бірнеше күн арадан өтті. Күндерде бір күн Мырза Мәмет уақытын тауып Жүсіпбек, Ахметбекке арыз қылды:—Әй, сұлтан ғалам, меңа жауап берсеңіз. Көзалшаһтың қазынасын алып келермін,—дейді.
Жүсіпбек айтты:—Неше қылып алып келерсің?
Мырза Мәмет айтты:—Мен жылап барып Лат -Манатқа сәжде қылсам, баз ишанып меңа тапсырарсыз. Менің алдымнан шығып баһра қылып қайтың,—деп Жүсіпбек, Ахметбектің ақылын ғаярлық билән алып, Асқар тауына алып барып, онда өзі жауап тілеп жөнеліп кетті. Неше мүддет жол жүріп, Көзалшаһқа барды. «Емді меңа қырық мың ләшкер бергіл. Лат- Манат медет қылса, бағлап келермін». Мырза Мәметті ұзатып жіберді. Бірнеше күн жүріп, Асқар тауына келді. Ошал жерге ләшкерні ыхтият қылып қойып жөнеліп ерді. Ерсе Құдай Тағала Жүсіпбекті хақ жаратып ерді. Бір аұхласа қырық кеше-күндіз ұйықтар ерді. Бір ұйықтамаса үш кеше-күндіз ұйықтамас ерді. Бір күн ұйықтар нәубеті ерді. Хисаб қылып жүрер ерді. Мырза Мәмет Жүсіпбекті жатқан жерге келіп, хадимы қылып оятты. Жүсіпбек айтты:—Әй, Мырза Мәмет, алып келген ділләларың қане?—дейді. Мырза Мәмет айтты:—Қырық қашарға діллә жүктеп келер ердім. Сеңір ұрып келер ердім. Бүгін ұйықтап қалыппын, отызы далаға кетіп, оны қалып дүр. Жүсіпбек айтты:—Жігіттерді оятқыл. Мырза Мәмет айтты:—Қызметті қылсам, сізге қылыппын,—деп Жүсіпбек, Ахметбек екеуін алып кетті. Қырық мың ләшкердің ортасына барды. Аттан түсіп екеуін Мырза Мәмет бағлады. «Мені сөккен күндерің өткен дүр» деп басына елік қамшы ұрды. Қызыл қанға батырып жөнеліп берді. Жүсіпбек менменлік болып, кәпірге бенде болдым деп Асқар тауға қарап бір сөз дейді: