Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бозұғлан (5-бөлім)

Бозұғлан · Әбдімұрат нұсқасы · 2 мин оқу

Екі инінен дем алып,
Түкірігіне шақалып,
Қартың да сөйлей береді:
—Алдияр, тақсыр ханымыз,
Сөзіме құлақ салыңыз.
Бір өзіңнен басқаға
Айтылмасын зарымыз.
Жүргенімде далада
Кез болды маған бір бала.
Бір шыбындай жанымды
Таппадым жер тығарға.
Қорыққаным соншалық—
Өлмей қалдым азырақ.
Шабамын дейді беліңді,
Қырамын дейді еліңді,
Жеймін дейді етіңді.
Істегенін халқыма
Келтірем дейді алдына.
Қорқып кетіп баладан,
Тұра қаштым жалма-жан,
Кек алуға келатыр
Айбаттанған бір қасқыр.
Терісақпаның бойынан,
Таспа таудың ойынан
Жаманкенің жалғызы—
Бозұғландай ер бала,
Қорқамын, ханым, мен сонан.

Әлқисса, Жаманкеден бала туғанын, оның батыр болғанын есіткен Үрім жағасын ұстады, өз Құдайына жылады: «Сақтай гөр,—деп,—жанымды!». Балаға қайрат қылуға Қалқаманды іздеді, бірақ батыр аулында, табылмады орнында. Не қыларын біле алмай, балаға амал ете алмай, дал болған күйінде Үрім патша тағында отыра берді.

Ендігі сөзді Боғұғланнан есітің [іздер].

Түйеші қашып жеткен соң,
Бозұғлан тұрып ойланды:
«Әкемнің аты—Жаманке,
Жаратылдым жалғанда
Ойнап-күліп жүрмекке.
Кек алуға қылып ем
Мына бүгін тірлікте.
Жазғанына Алланың
Әрбір бенде көнбеке.
Жазбаған шығар Жаратқан
Қалмақта маған өлмекке.
Ықылас ата, Шашты Әзиз
Сұрадым сізден көмекті.
Мен секілді жалғызың
Атыңды айтып тербеттім.
Азғантай үйлі ноғайдың
Тыныштығын бермепті.
Еркін алып қолынан,
Табанға салып жерлепті.
Тыныш жатқан халқыма
Бермеген қалмақ ырықты.
Елдің кегін алуға
Тәуекел етсем керек-ті».
Осыны айтып Бозұғлан,
Патша отырған сарайға,
Көзін салып жан-жаққа,
Кіріп барды жас бала.
Төрге шықпай қас бала
Отыра кетті жапсарға.
Бозұғлан сонда сөйледі
Қабағынан қар жауып,
Кірпігіне мұз тоңып,
Буырқанып бұрсанып,
Мұздайда темір құрсанып:
—Хандар көрген балды күн,
Билер көрген жолды күн.
Ноғайды азат етпесең,
Басыңа төнді бұлтты күн.
Хан, қараша демесең,
Еліңнен жылу бермесең,
Қара түге, ханыңды
Бөрідей жұлқып кетермін.
Ұрттап ішіп қаныңды,
Елің менен жұртыңды,
Ұлың менен қызыңды,
Оярмын екі көзіңді.

Сөйлеп болмай Бозұғлан,
Ақыл-есін жоғалтып,
Тағынан түсіп қашады.
Қашса, бала қоймады,
Патша ақылдан сасады,
Мылтыққа білте басады.
Бозұғландай баланың
Әруағы асады.
Жаны шығып ханыңыз,
Сарайдан шығып қашады.
Едәуір жерге барған соң,
Үрім хан сонда тоқтапты.
«Сабыр, сабыр, патша» деп,
Бір ақылды ойлады,
Балаға мойнын бұрады.
Баланың айтқан әр сөзін
Миына тоқып алады.
Отыз мың үйлі қалмаққа,
Бір-бір тайды салмаққа,
Әзірінше алмаққа,
Хабар салып жан-жаққа,
Патша салды жалтаққа.
Үрім хан ойлап салмақты:
«Берсем жиып байлықты,
Иә, ұстатсам балаға,
Отыз мың жылқы үй басы—
Түспес пе екен соқпаққа.
Бермегенменен не пайда?
Шығынсыз аман құтылар
Ондай айтты күн қайда?
Бүлдірмейін елімді,
Сындырмайын белімді.
Отыз мың тайды берейін,
Баланың шартын білейін».
Үрімдейін патшаның
Кетпеді қайғы басынан,
Қапалықты асырған.
Қорқып кетіп баладан
Отыз мың тайды жиып береді.
Тай бергенін есітіп,
Байбақты кетті шошынып.

Бозұғлан

Барлығы: 66 жыр

Тағы оқыңыз