Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (11-бөлім)

Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 3 мин оқу

Әл-ғарыз, топ болып, жыласып тұрды. Күлғасыл айым бектерді сұрап бір ғазал оқыды:

—Кеше-күндіз қан жылармын мен жолында.
Желеу сақтаң, бек ділдарым қане,
Һамра болып жүрген сағ-солында,
Желеу сақтаң, бек ділдарым қане.
Амандықта менің бар дүр дегендер,
Желеу сақлаң, бек ділдарым қане,
Сұңқарым, бек ділдарым қане.
Сыйлап жақсы инғамды алғандар,
Өзін қойып атын мініп келгендер,
Бектерімді көрмегім болды күмән,
Айрылу дердінен келмейм аман.
Желеу сақлаң, бек ділдарым қане.
Қайсы тауда қалды, қайсы шөлдерде,
Фәлак салды мені язид халдарда,
Мәраууат айлаңыз міскін құлдарға,
Желеу сақлаң, бек ділдарым қане.
Құлақ салың Күлғасылдың дадына,
Хабар беріп өтің көңіл шадына.
Тәбриклейін күйдірмейін отына,
Желеу сақтаң, бек ділдарым қане.

Әл-ғарыз, Күлғасыл айымның сөзін естіп, Әшірбектің көңлі бұзылып, басқа түскен күндерін баян қылып, бектерді бенде болғандарын дастан қылып бір мұхаммас оқығаны:

—Емді ахуалым болған болмасым жаннан жада,
Екі халықтың раһбары ол екі сұлтаннан жада.
Көтеріп сансыз жараны келмесем андан жада,
Жисмым хасте өртеніп дүр жан-жанынан жада,
Чун садафтай қалмаспын лағыл гауһардан жада,
Бектерімнен айрылып қасіретте қалдым мен,
Жисым ішре от түсіп махаббатта қалдым мен.
Ат шауып майдан ара зұлматта қалдым нелайын,
Сад һезар мәтім тұтып кулфатта қалдым нелайын.
Көтеріп сансыз жараны болмадым жаннан жада,
Һеш ылажым бітпеді, сынды қанатым қайрылып,
Нелайын ғам шаһына кетті аяғым тайылып.
Сұлтанаттық шаһтан бейшара болдым айрылып,
Нелайын екі төремнен ауаре болдым айрылып,
Тәж-тахтымның егесі болмасым жаннан жада.
Ол ханымнан айрылып қалғанша өлген жақсы дүр,
Үшбу дүнияда кешіп бейкүнә болған жақсы дүр,
Мен ғаріп афтаданы халын білген жақсы дүр.
Бұ тірікліктен меңа әлбетте өлген жақсы дүр,
Дер Әшірбек өртеніп болдым сұлтаннан жада.

Әл-ғарыз, Әшірбекті бұ сөзді естіп Күлғасыл айым бір ғазал оқыды:

—Атының жалын өргенлер,
Бегіме қызмет қылғандар,
Алла аман болыңдар,
Төрені көріп келгендер.
Емді кімнен сұрағларым,
Жүрегім отқа дағларым,
Мәтім тұтып қан жыларым,
Басымнан қайғы, тұмандар.
Құдайым қысметі уақыты,
Бауырым қаны көзден ақты,
Болды маған қара күндер.
Һешкім сүрмес менің халім,
Жылап өтер маһ салым,
Айрылысу уақыты дер залым.
Көздерімнен ағар қандар,
Күлғасыл шығып жар жарға,
Зар болып жарың ізіне,
Разымын бекем жолыңа,
Жауап берді ұлық бектерге.

Әл-ғарыз, өтіп жігіттер кетті. Күлғасыл бұ ұлық топты көріп, ғаза тұтып жөнеліп берді. Жүсіпбектің Қарлығаш деген қарындасы бар еді. Банагаһ көрсе көшенің панжарасынан қарап ерді. Бір топ атылғаны көріп ағам келер деп сауға алармыз деп қыздарға қарап, бір ғазал оқығаны бұ дүр:

—Назнинлар, жүрің емді,
Сауға алың, қыздар, ағам келе дүр.
Ат шабысып Хорезмде,
Сауға алың, қыздар, ағам келе дүр.
Һамра қылып неше жақсы беклерін,
Қадими, хұсни таза гүлдерін,
Сайыр етіп марғазарлы гүлдерін,
Сауға алың, қыздар, ағам келе дүр.
Һәр бендені Құда қылса сарафраз,
Ғашырат жетер бір сағатта баз,
Жүрің емді, шығың алдыға баз,
Сауға алың, қыздар, ағам келе дүр.
Менің ағам жігіттердің ағасы,
Аңа тікті Шаһимардан дұғасы,
Желеу беріп көрне тірер қарасы,
Сауға алың, қыздар, ағам келе дүр.
Қарлығаш дер қыздар ағам жолдасы,
Кеше-күндіз һәм сардашым.
Жүсіп—Ахмет екі қарындасым,
Сауға алың, қыздар, ағам келе дүр.

Тағы оқыңыз