Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (24-бөлім)

Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 3 мин оқу

Әл-ғарыз, Ахметбек бұ сөздерді айтты:—Біздерден бұ бадағат істерді талап қылма,—деп жөнеліп берді. Келіншек дағ болып қалды. Жүсіп айтты:—Әй, қыз, мен сеңа қошлық қылып сөзлер едім. Менің Күлғасыл деген жарым бар дүр. Жарымның шоры қатарында жоқсың,—деп жөнеліп берді. Айна қыз айтты:— Қамшының сабы шашбауыма тисе, шоры қатарында көрсең болар,—деп арқасынан жүгіре берді. Екі сайдан асты. Шоршып қалды. Күлғасыл айымды жад қылып: «Әлбетте, саған қарыз қиямет» деп бір сөз дейді:

—Жүсіпбегім, менен сәлем Күлғасыл айыма,
Ғұнша тіслі, қалам қаслы,
Халқы хұбы мүлайымға,
Сәлем дидармыз қанлы бастан,
Азат болдым қызылбастан.
Және сәлем қайта бастан,
Жәду көз, хұсни маһыма.
Әуелде дашт боларсың,
Ақырда сүбсат боларсың,
Әгар сұрасаң, маст боларсың,
Лебің тисе тамағыма.
Мен гүліңмін, сен бұлбұлым,
Алыстап қалды мазалым,
Келіп кіргіл шарбағыма.
Бізге бұра білмедің мекер,
Әгар көзіңе ілмедің,
Шоршып қалдым сенен,
Кірмедің құшағыма.
Зұхра келді және-және,
Қалдарым бар дана-дана,
Хауа ашына бұл шабына,
Бар тапсырдым Құдайыма.

Әл-ғарыз, Жүсіпбектен сөз есітің. Қызылбастың жұртынан шығып, бәдир сулардан, бәланд таулардан асып, он күндік жол жүріп, Күлхадиша баршасы жадыға түсіп, фәлактан шикаят қылып бір мұхаммас оқыды бұ дүр:

—Жеті жыл дүр айыра түстім ділбарлар бар мекен,
Тигере достым, ақриба, қарындастар бар мекен.
Бізді жоқтаған қарындастар сахиб аза бар мекен,
Пәруана айлаған ата-аналар бар мекен,
Жар-жорам һәм Әшірбек қырық жігіттер бар мекен.

Мағрифат майданды дәйім гүлстан айлаған,
Хақ жолына зар тынбайын һәм зікір сұбхан айлаған,
Қары қыран болып хош хан қыран айлаған,
Хақ жолына зар жылап көз жасын қан айлаған,
Елі дауыс сайыпқыран дұғалар бар мекен.
Жеті жыл зынданда қалдым, Ахмет, мен нелайын,
Сегіз жыл фирқат һижарында қалдым,
Ахмет, нелайын.
Қасірет арманда қалдым, Ахмет, нелайын,
Сегіз жыл дегенде келдім, Ахмет, нелайын,
Өнген, өскен ұлық, иә, Хорезми жоралар бар мекен?

Білмәнім жігіттерім, Әшірбек сардарым,
Біздің үшін зар жылап ана ынтызар,
Өлмей тірік тауып көрмек болар ма әгар,
Тағатым жоқ һәммелерін көрмегенше бір қарар,
Мен барып та көргенше сабыр-қарар бар мекен?

Бек Жүсіп дер нелайын арманда бүгін,
Көрмегенше һижарында қалдым мен бүгін,
Ғанделептік және налында қалдым бүгін,
Қайта бастап зұлмат зынданда қалдым бүгін,
Күлхадиша, Күлғасыл залф сияһ бар мекен?

Әл-ғарыз, Жүсіпбектен бұ сөзді естіп, Ахметбектің көңлі бұзылып, жылап жөнеліп берді. Әл-ғарыз, Үргеніш жұртына жақындасып келділер. Бес мың кісі көкбары шауып жатып дүр. Бұларды көріп асқар таудың кісілері тұрар. Сұлтанның тойға пісте жаңғақ алып келе жатып дүр дейділер. Әлқисса, Жүсіпбек, Ахметбекті танымадылар. Басына көк пұта байлап, бір жігіт атын шауып алдыға шығып тағзым қылды. Сәлем берді. Жауап алып сәлемін алып, Жүсіпбек айтты:—Әй, қарындасым, бұ кәтта кімдікі той?—дейді. Ол жігіт айтты:—Жылап менен сұрамаң. Мен айтмаймын,—дейді,—мұныңдағы менде көп. Жүсіпбек айтты:—Айтқыл. Ол жігіт айтты:—Менің атым—Опабек. Жүсіпбек, Ахметбек деген екі бекзадамыз бар ерді. Жеті жыл дүр қызылбасқа бенде болып кетті. Емді бұл жұртқа ауаза болып дүр. «Жүсіпбекті мұнарадан тастап, Ахметбекті дарға асып дүрлар» деп Жүсіпбектің атасы өлді. Ахметбектің атасы, анасы ұғлыны көрмей жылап өлді. Жүсіпбектің Күлғасыл айым, Ахметбектің қызы Саламат Ахметбектің өзі өлді деп аза тұтып, көк пұта байлап жүрермін. Жүсіпбектің ілгері қарындасы ердім, қырық жігіттің бірі ердім. Арман билә беклерімнен айрылдым деп жылай берді.

Тағы оқыңыз