Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (3-бөлім)

Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 3 мин оқу

Әл-ғарыз, Ерғали екі зеренкар мейманхана қылдырып қойды. Бір апта өткеннен соң Жүсіпбек билән Ахметбек қырық жігіт билән Үргеніш жұртыға келділер. Ерғали хан тамам беклері бірле Жүсіпбектің алдыға шығып, ізет қылып қолтығынан сүйеп, таққа ишарат қылды.

(Әзизім деп бір ғазал оқығаны бұ дүр)
—Хош келіпсің, Жүсіп-Ахмет, бас үстіне,
Тәж-тахтым сеңа болсын, Жүсіпжан.
Шырынға тояйын сахиб шырағым,
Мал-мүлкім сеңа болсын, Жүсіпжан.
Баройе сеңа хүкіметім бәріні,
Танха қылайым Хорезм шаһарны.
Қылғыл, балам, дәйім Үргеніш баһарны,
Сеңа жаным пида болсын, Жүсіпжан.
Ергаштырып неше жақсы бекларны,
Ағазы ғұнша хұсни таза гүлларны.
Сайран етіп марға зерлі гүлларны,
Сұңқар баһрақ исубуле, Жүсіпжан.
Һәр сөзіңе пида болсын бұ жаным,
Сеңа баройе бүгін тахыт дәуренім.
Сүйер қозым пида болсын бұ жаным,
Пида сеңа пана болсын, Жүсіпжан.
Ерғали хан әзім раһың өзіммен,
Қадам қойсаң хак пайың өзіммен.
Кеше-күндіз дәйім дұғада өзіммен,
Сенің жасың ұзақ болсын, Жүсіпжан.

Әл-ғарыз, әдеп сақтап тахтыға шықпады. Пәст түсіп отырып дұға қылды. Түрікменнің бектері айтты:—Сахрай екен, өзіне ізетті лайық көрмей,—деп шикаят қылды. Жүсіпбек түрікмен бектерге қарап, бірнеше жерден тімсәл келтіріп бір сөз дейді.

—Әй, умаралар, ака бірлар,
Азар халны білген жақсы дүр.
Падшаһларның жолы ұлық,
Ғиззатның қылған жақсы дүр.
Падишаға қызмет қылып,
Инғамларын алған жақсы дүр.
Һәркім болсын жолын біліп,
Кетмес аяғы тайылып,
Падишаһларын жай жала,
Бізге сонша тахыт дейле,
Тек сізлердей ұмтылғандан,
Өзіні білген жақсы дүр.
Жігіт деген жәуһар болар,
Қызмет қылса нөкер болар.
Патша деген жәуһар болар,
Қата қылмаған жақсы дүр.
Патша, шаһтар бір шаһарда,
Шаруа дарлар жүрер шөлде.
Падишаһлар баршасы назаркарде,
Дұғасын алса жақсы дүр.
Бейәдептің жайы нар дүр,
Бейәдеплік бекер дүр.
Падшаһларға шілтен жар дүр,
Қызметін қылған жақсы дүр.
Бек Жүсіп дер, әй, жарандар,
Мені айып айламаң жандар.
Есітің, бек сұлтандар,
Һәркім халды білген жақсы дүр.

Әл-ғарыз, Жүсіпбектің бұ сөзіне тамам бектер қайыл болып, Ерғали ханның бір қызы бар ерді Күлғасыл деген, Жүсіпбекке никах оқып берді. Нәдірбек қызын Ахметбекке фатиха оқып қосты. Жүсіпбекке дін Хорезм деген шаһары бар ерді. Аны беріп Жүсіпбектің өзін бек қылдылар. Бараржын деген шаһар бар ерді. Ахметбекті бек қылдылар. Жүсіпбек Әлу қожа ишанға қол берді. Ахметбек шәриф ишанға қол берділер. Екеуі екі зат шәрифке қол тапсырдылар. Жүсіпбек билән Ахметбек екеуінің ауазасы тахта фәлакке кетті. Мешел жұртына ауазасы жетті. Көзалшаһ деген патшасы бар ерді. Кешелерде бір кеш түс көрді. Өзі пұт параст кәпір ерді. Үш жүз алпыс сәркардасы бар ерді. Қазынасына кіріп, канду ділләні басқа көтеріп барар ерді. Екі жолбарыс екі жақтан көшеден пайда болып, екі қолын екі жаққа тістеп тартты. Аяғы желкесіп сүрінді. Ділләлары жерге шашылды. Басы төмен түсіп ашылды. Ағазынан бір қара құс ұшып, паруаз болып тұрарда аһ тартып оянды. Тамам умаралар афдалдарды жаудырып, тағбирын сұрады. Һешкімнің ақылы жетпеді. Сол халде бір қапле салар тұрып арыз қылды:—Әй, сұлтан ғалам, діллә сарайға бір адам келді. Шаһар Шын-Машыннан келіп қонды. Үш түйе кітабы бар. Өзі мұсылман, аһл хикмет дүр, не жақсы адам дүр. Аты—Баба Ғұмар. Түсіңіздің тағбирын ошал кісі табар,—дейді.

Тағы оқыңыз