Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (7-бөлім)

Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 2 мин оқу

Әл-ғарыз, жігіттерді оятып, Жүсіпбектің, Ахметбектің фирақына өртеніп жөнелді. Ошал кемерге барып, жігіттерің көңілге алып «Жүсіпбек, Ахметбекті көріп өлсек, арман қалмасмыз» деп ерді. Біз сөз дейді:

—Шайтан лағин иманға қасд етер,
Ошал рузи жан шығар жасаттан.
Фәлак менің ықпалымды пәст етер,
Арманым билән бектер ханнан айрылса.
Жолсыз болар керуен көрмесе,
Қараңғы тұман, бұлт жанға көрмесе,
Бектер үшін үшбу жаннан кешпесе,
Мүлкі хараб болар ханнан айрылса.
Жүсіп—Ахмет менің ханым еділер,
Кеше-күндіз біздің ғамны жеділер.
Бүгін көрсем ғам-ғұсаға күйділер,
Не қасірет дүр рухым тәннен айрылса.
Қырың бүгін кәпірлернің бәріні,
Медет берсе шілтендердің рухтары,
Жүрегімде көп дүр дағлары,
Жігіттер көрмей ханнан айрылса.
Әшірбекте көп дүр дағ армандар,
Һеш кімсе көрмесін шөйлә армандар.
Не қасірет дүр, не кулфат дүр, жарандар,
Бенде болып бектер менен айрылса.

Әл-ғарыз, жігіттер жөнелді енді. Жүсіпбектен сөз есітің барар ерді. Арқасынан бір бөлек ләшкер ерісті. Жүсіпбек бұ ғаламатты көріп, фәлактан шикаят қылып бір әфсана оқығаны бұ дүр:

—Гөһи Қаптан көп дүр қылған күнәһым,
Фәлак салды мені салды халдарға.
Айрылысу дәрдінен баурым бенім барамын,
Не себептен бақыт неден қарамын,
Язидлерге бенде болып барамын.
Қолым бағлы асып тау-шөлдерге,
Ашылмайын хазан ұрды гүлзарым,
Әгар өлсем ғарұп болар мазарым,
Қырық жігітім, қане Әшірбек сардарым,
Мені іздеп көрмеділер жолдарға.
Қырық жастың қолы бір күн ұласты,
Артымыздан сансыз ләшкер жетісті.
Жасау тартып шөлден жетуші,
Өз басымды салдым жаман күндерге.
Ләшкер басып текрадашым тұман дүр,
Бүгін бізге күйі ақыр заман дүр.
Бек Жүсіп дер құтылмағым күмән дүр,
Арман билән бенде болдым құлдарға.

Әл-ғарыз, Жүсіпбек бенде болып тұрсын. Емді Әшірбектен сөз есітің: Жидал қылып келер ерді. Банагаһ кәпірлерді көріп, жігіттерге марданалық беріп еді. Бір қылыш ұрғанның сауабы қырық жылдық тағаттан жақсы дүр деп хазіреті Шаһмарданнан истағанат тілеп, мінәжат оқыды:

—Қырық жігітім, қарағым,
Іс көрсетер [күн] бүгін,
Бенде болып беклеріміз,
Бір натауан [күн] бүгін,
Құдайымнан көп дүр үміт,
Қан жыласын аһл язит.
Хаһ ғасы, хаһ шаһид,
Ақырзаман күн дүр бүгін.
Мені білмес нешік бәле,
Қылыштасып майданы арая.
Қол сілтесер күн дүр[бүгін],
Ақыр пірлерге жүз келтіріп,
Язидлерді қан жылатып,
Шаһмарданы жад етіп,
Қылыштасып көрің бүгін.
Жүсіп, Ахмедтің өзіне
Жас төгілер күн дүр бүгін.
Бектеріміз түсіп бәнда,
Біздер қалдық арманда,
Соғыс етіп сол майданда,
Қан жыласар күн дүр бүгін.
Әшірбек сол тұр зары,
Құрылсын махшар базары,
Бек Жүсіптің қошақлары,
Жаннан кешер күн дүр бүгін.

Әл-ғарыз, Алла деп ат қойды. Аш бөрі қойға кіргендей семізін саралап, жаманды жаралап, бағзыларының миларын жарып түсіріп, бағзыларының жаны жаһаннамға кетті. Язидлердің реңі ұшып кетті. Әшірбек сардар жігіттеріне тасалли діл беріп, бір ғазал оқығаны бұ дүр:

Тағы оқыңыз