Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (23-бөлім)

Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 3 мин оқу

Әл-ғарыз, Жүсіпбектен бұ сөзді естіп қапа болып, азар қылғанға пүшайман болып қалды. Мырза Мәмет құл естіп, тоғыз қашар діллә жүктеп, жай нам келсем сеңа ұят болармын деп жүрді. Алдыға шығып тағзым қылып сәлем берді. Ахметбек танып:—Сол құл бізлерді алдап бенде қылған,—деп оны-мұны дегенше бір шапты. Басы жада болды. Дұшпандар бас басыға болды. Көзалшаһқа хабар болды. Көзалшаһ айтты:—Бек мүшкіл болды. Ахметбек, Жүсіпбек шаһардан шықпай тұрып қырып жатып дүр. Көзалшаһ зынданнан шығарғанға пүшайман болып қалды. Жүсіпбек, Ахметбек қашарларды Машалдан шығарып, Үргенішке жөнеліп берді. Неше мүддет жол жүріп, қызылбастың ауыл елінің үстіне барды. Бір бұлақтан бір келіншек, бір қыз кездесіп, суға толтырып барар ерді. Жүсіпбек айтты:—Ахметбек, сен тұғры болған келіншек қасыға бар, бұлар билән хошлық қылып өтелік. Қыз Жүсіпбекті көріп, бетін ұстап, ләб кенесін тістеп тұрды. Жүсіпбек айтты:—Біздер адасып жүрерміз. Қыздан қарап бір сөз сұрады. Қыз жауап берді бұ дүр:

—Су бойында тұрған гөзал,
Сеңа айтай бір ғазал,
Келдім сеңа мен сөз сұрай,
Біздің жолдар қандай болар?
—Танымаймын нешік жансың,
Білмейм жайың қандай болар.
Бәлки сен намахрамсың,
Білмейм жолың қандай болар.
—Жетіп келіп мен үстіңе,
Шауып келермін қасыңа.
Құрбаным қой басыңа,
Біздің елдер қандай болар?
—Қайдан келерсің мұнда сен,
Хош меңа болдың бендесің.
Атаның базар кезіндесің,
Білмен дінің қандай болар.
—Қызылбасқа болып бенде,
Құлдарына салды күнде.
Азат болып келдім мұнда,
Біздің гүлдер қандай болар?
—Қойың емді сізлері мені,
Бірге келген теңім қане.
Көрсе, атам ұрар сені,
Білмейм келдің қандай болар.
—Өзгелер меңа шаһал дүр,
Тасың ғани махал дүр,
Жарым аты Күлғасыл дүр,
Біздің жарлар қандай болар?
—Бүгін мұрадым табармын,
Басқан ізіңді өбермін,
Мен ғайыл мешт пірмін,
Білмейм жарың қандай болар.
—Хасан уа жамалың құрметі,
Асылың қызылбас үмметі.
Жүсіпбек дер білің мені,
Біздің жайлар қандай болар?
—Мінгендерім көшек ағла,
Көзім қара, хұсным рағна,
Сұрасың атым—Зұхра,
Білмейм жайың қандай болар.

Әл-ғарыз, бұлардан сөзді естіп келіншек:—Мен Хошрауимын,—дейді. Қарай-қарай барар ерді. Тасқа аяғы сүрінді. Есі кетіп күзесі сынды. Көтеріп қарап тұрды. Ахметбектен хабары жоқ ерді. Ахметбек айтты:—Сіздің шаһраңыз қыздан жақсы дүр. Келіншектің уақыты хош болып андағ болса рас па, тұрам деп, тағзым қылып қарап, Ахметбек сауал сұрады. Келіншек жауап бермек үшін бір сөз дейді:

—Күзесін сындырған келіншек,
Хабар бергіл елдеріңнен.
Нәзік кәне су бергіл ішелі,
Бір ішелі қолдарыңнан.
—Ғазал бірне жігіттерден,
Айланай бойларыңнан,
Сол кісіден жол сұрап,
Баһра алай тілдеріңнен.
—Сенбісің келіншек хұбы,
Садақа сенен қыздың хұбы.
Білмейм кімнің махбұбы,
Сөзле шырын тілдеріңнен.
—Һәзал қылма біздің біле,
Сен барарсың алыс жолға.
Жарым сенен болар ұлы,
Сен кешкіл бұ халдарыңнан.
—Емді сенен һеш дүрманым,
Атымнан жерге қонбадым.
Хабасым сүйейін қанбайым,
Сүйіп кетей леблеріңнен.
—Сауытлар мен келгіл бері,
Һәзал қылма кетпе нәрі.
Тұрам сеңа бұлай хоры,
Қайнап ішсем балдарыңнан.
Һәр қыздан хұсның ғалиб,
Мен болыппын саған талиб.
Атның саурына салып,
Ішсем тау, шөлдеріңнен.
Мені көрсең хор андырмын,
Әлишек өзін жарың тұрмын.
Кеше-күндіз жарың дүрмін,
Сөзле шырын тілдеріңнен.
Қыздың қасында Жүсіпбек,
Мен қылдым аңа тахсин.
Ахметбекке сен мүнәсіп,
Дана-дана қалдарыңнан,
Айне хал дер тұт қолымнан,
Кір бағыма өз гүлімнен,
Қос білімден, ши тілімнен,
Мекер келсе қолдарыңнан.

Тағы оқыңыз