Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (32-бөлім)

Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 2 мин оқу

—Ұстазымды сізге баян етейін,
Соғыспақты Көрұғлыдан үйрендім.
Фарағыға жаным құрбан қылайын,
Сұлтан ұғлы Кемершеден көргенмін.
Атқан оғы тоғыз белден өтеді,
Қасиетлі Қалдар бектен көргенмін.
Бедеу мініп күнде тауды кезер-ді,
Ғанимдардың басын тәннен үзер-ді,
Топқа шауып ауыр саптар бұзар-ды,
Хасан ұғлы Теміршеден көргенмін.
Кәзім сұлтан қане, Дәуіт базаркан,
Керуен билән Қараша ол палуан.
Сапабек, Опабек ол қаһарман,
Шадияршы бек ұғлы сардардан көргенмін.
Алтын садақ билән атын сайлаған,
Шадиярлар Асқар тауда бүркенген.
Тоғыз мәнзіл жолдан дұшпан өлген,
Шаман ұғлы Алабектен көргенмін.
....... майданда кірер ерді жеке,
Ғұлғалалар түсіп көкте фәлакқа,
Ауазасы кеткен тахта фәлакқа,
Шаман ұғлы ер Арысланнан көргенмін.
Бір наужуан ерді өзі палуан,
Хұсни зипа еді өзі хараман.
Жанымды қылар ердім жолға құрбан,
Қасап ұғлы Ғауаз ханнан көргенмін.
Сапар қылды баршаларын жаһаннан,
Қол шектілер һәм сауда һәм зияннан.
Үшбу сөзде Сапа ұғлы Шағаннан,
Шер Құда Мұртазадан көргенмін.

Әл-ғарыз, Жүсіп хан ұғры Шағанға көп анғамдар беріп уақыты хош қылды. Емді Көзалшаһтан сөз естің: Тамам саркардалар мәслихат қылды. Қырық саркарданы елші қылып қырық қашар діллә билән зері тола болып нама жазып жіберді. Жүсіп хан Машалдың кенеріне келіп қонды. Елшілер барып Көзалшаһтың тартуларын өткерді. Жүсіпбек хан һәм нама бітіп, елшіден беріп жіберді. Көзалшаһқа берді. Оқып көрді. Нама мазмұны:

«Машал шаһарын берсін, дұшпан харажын,
Қырық мың кемхап, қырық мың жақұт жіберсін.
Малын қосып зекет біле һәм бажын,
Және қырық мың таза сарпай жіберсін.
Қырық мың бедеу жіберсін діллә егерлі,
Қырық мың түйе берсін мәселі, нәрлі,
Қырық мың қамшы шөйле салынған,
Болды өзгесі алтыннан жіберсін.
Қырық мың сазанда бұлбұл дауысты,
Қырық мың келіншек-қызы зиба жіберсін.
Қырық мың бозбала болсын қырық төрт,
Қырық мың бедеу болсын сап төрт.
Қырық мың серік жорға, қырық жетім,
Жалладтарға қырық мың борна жіберсін.
Сағ-сауалға сиязалпы тастаған,
Дана-дана қалы жүзге сайлаған,
Белдеріне діллә нар байлаған,
Қырық мың қызы хұсни зиба жіберсін.
Лат-Манаттарың бізге не дәркер,
Һәммең кіргіл бізді дінге, бек бар».

Әл-ғарыз, саркардалар наманы алып, Көзалшаһтың қолына берді. Көзалшаһ наманы оқып ол халда реңі ұшып айтты:—Әй, саркардаларым, Жүсіпбектің айтқандарының баршасын тапса болар ма? «Лат-Манат» деп дүр айтты:—Айнақ адамдарды көргендерің бар ма? Ортаға салып бір төле болып көрсек,—дейді. Ерсе бір сәркарда айтты:—Бозұғлан деген тағасы бар ерді. Исфаһанның падишаһы еді. Дархал Көзалшаһ тоғыз түрлік тарту билән қырық саркарданы елшіге Бозұғлан ханға жіберді. Сол сөз кім Лат-Манат деп зинһар етпесінлер. Бізге барадарлық қылып, ортаға түсіп жарастырсын. Һәр мұддағасы болса қылайын. Елшісі барып Бозұғлан патшаға тартуларын өткеріп, намасын шығарып берді. Бозұғлан оқып көрсе, бұл һәм нама бітіп бір сөз дейді бұ дүр.

Бозұғлан

Барлығы: 66 жыр

Тағы оқыңыз