Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (16-бөлім)
Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 2 мин оқу
Әл-ғарыз, бектер билән Баба Ғұмар һәмра болып жатты. Неше мүддет арадан өтті. Хамза мерсубтың қызы бар ерді. Аты— Қаракөз ерді. Зынданға қарады. Жүсіпбек бірле Ахметбекті көріп тағзым қылды. Жүсіпбек айтты:—Бізлер сазанда ердік. Бенде болып, көп қапа болыппыз. Ғарызың болса, біздерге бір тасты келтірің. Жақсы болар ерді. Қаракөз барып тасты тастап кетті. Баба Ғұмар болып Ахметбекке дағлап, Жүсіпбек бір тасты салып Қаракөзді тағриф қылғаны:
—Ақырын, ақырын сөзле шалы,
Мен сені сүйдім, Қаракөз.
Кесіп бауырым түселі,
Қызылбастардың гөзалы,
Қара санә, қысмет дүр әзалы.
Меһманым сеңа, Қаракөз,
Үстінде жандар үзілер,
Сен кетсең, мәжіліс бұзылар,
Бір заман тұрғыл, Қаракөз.
Шарбағның бір датасы сазым,
Сеңа шығар ма ауазым.
Сен менің сыр уа назым,
Арам жаным, Қаракөз.
Сәкің келер тезіңнен,
Айналайын қасың бірле көзіңнен,
Сен, сен менің жаным, Қаракөз.
Бек Жүсіп шоқлар берені,
Шақырып налы гүліні,
Нәсіп етсе өзімді,
Сені алармын, Қаракөз.
Әл-ғарыз, аужайлары халынан хабардар болған Қаракөз болды. Баба Ғұмар айтты:—Сол Қаракөз маған ғашық болып дүр. Ахметбек айтты:—Маған ғашық болып дүр. Баба Ғұмар қабыл қылмады. Жүсіпбек, Ахметбек зынданның екі бұрышына олтырды. Баба Ғұмар зынданның ортасында олтырды. Қаракөз барып бір хұрма, қатық, тоғыз нан келтіріп берді. Баба Ғұмар жемекке машғұл болды. Қаракөз зынданға қарап, Жүсіпбек бірле Ахметбекті көрмей бір сөз дейді:
—Бенде болған ақ сақалды жан Баба,
Жүсіп бірле Ахмет ханды неладың?
Нан жүзіні һеш көрмеген бейнауа,
Жүсіпбек бірле Ахмет ханды неладың?
Адам жұтқан аждаһадан бетерсің,
Қатық бірле нанды ада етерсің.
Һеш тоймассың, хұрмамды һәм жұтарсың,
Жүсіп бірле Ахмет ханды неладың?
Қатықты ішерсің сақалың батып,
Зынданның ішінде реңің сарғайтып,
Иләһи өлгейсің тіріклері қатып,
Жүсіп бірле Ахмет ханды неладың?
Жауап бергіл мен есітейін сөздерің,
Әй, наынсап, қара болсын жүздерің.
Адам жұтпай һеш тоймас дүр көздерің,
Жүсіп бірле Ахметбекті неладың?
Қаракөз дер мәрке сенің сақалың,
Көп сөздер сен есітпейін сауалың.
Кетті бүгін менен сенің обалың,
Жүсіп бірле Ахмет ханды неладың?
Әл-ғарыз, бұ сөзді есітіп Баба Ғұмар Қаракөзге қарап бір сөз дейді:
—Жаным алды бүгін шәриф сөздерің,
Рахымың келіп сұрағыл менен, Қаракөз.
Қаным толды жаллад кәбі көздерің,
Бабаның халын сұрағыл, Қаракөз.
Мен болыппын гүл жүзіңнің шаһаны,
Бойында қалмасын дадларың жағы.
Көксіңе жара сар сақалым ағы,
Жалған деме раст білгіл, Қаракөз.
Тіктеп барып сенің сағрыңа мінсем мен,
Маст болып жығылып үстіңе жатсам мен.
Мұрадымды бүгін сенен алсам мен,
Өзің куәһ болып қабыл қыл, Қаракөз.
Қолымды өткеріп сағ солыңнан,
Құшақтасам сенің жана беліңнен,
Тістесем ләбіңнен, сорсам тіліңнен,
Сен һәм қабыл қылғыл емді, Қаракөз.
Ғұмар айтар сенің бағың гүлзар дүр,
Бір жыл болды менің халім харап дүр.
Жүсіп, Ахмет ғашық емес бекер дүр,
Бабаңның халін сұрағыл, Қаракөз.