Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (35-бөлім)
Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 2 мин оқу
Бауырым қан етті көздерің,
Жанымды күйдірді сенің сөздерің.
Себеп болған қызыл гүлдей жүздерің,
Жүрегіме оттар салған, Қаракөз.
Пәруанадай мен айлансам басыңа,
Жаным құрбан болсын қалам қасыңа.
Қайыл болдым сенің қылған ісіңе,
Елші болып және келген, Қаракөз.
Хасан ішінде гөзалдардың ханысың,
Сөйлескенде гоя адам жанысың.
Мейір-шапағат, махаббаттың кенісің,
Жүзінен ниқабын алған, Қаракөз.
Сендейін жанан жоқ дүр жиһанда,
Жеті жыл пәруа қылдың біздерді зынданда.
Баба Ғұмар болар хасаныңа бәнда.
Сен боларсың бұ Бабам илән, Қаракөз.
Бенделікте сенен көрдім хасият,
Кеше-күндіз біздерге қылдың, Қаракөз.
Һәркез қылмайм шаһтың біле хайрат,
Барып айтың елші болған, Қаракөз.
Шәмсие әйле қамар деп жүзіңді,
Ғандала әйле әсел дерлер сөзіңді.
Жаһанның хұблары дерлер өзіңді,
Елші болып және келген, Қаракөз.
Адам нәсілімісің иә перизат,
Ақылымды айладың бір дамдамат.
Қастарың қылыш дүр, көздерің жаллад,
Жүзінен ниқабын алған, Қаракөз.
Һәмме қыздарын хасаның ғайыб,
Бабам болған саған талиб.
Келгіл бабам бізге алып,
Сен боларсың бабам билән, Қаракөз.
Бихамдилла көрерсің бүгін талиб,
Бар ма Бабам, ол бабам мейір шапағатың,
Көп болды шаһ ішінде зияпатың,
Елші болып және келген, Қаракөз.
Жүсіпбек дер мұддағамыз бұ ерді,
Ғұмар Баба деу құл сеңа еді.
Жарастығым бас келуші сол ерді,
Қайтып келген Ғұмар билән Қаракөз.
Әл-ғарыз, Қаракөз бұ сөзді есіткеш. Баба Ғұмарға өзін еп көрмей ашуы келіп, жеті қыздарды өзіне куә қылып:—Баба Ғұмар өлді. Ишенмесеңіз сол қыздардан сұраңыз,—дейді,—сіздерді зынданнан шығарған соң Баба Ғұмарды топыраққа көміп тастады. Андан соң Баба Ғұмар деп Жүсіпбек бір сөз дейді:
—Әй, сұлтаным, есіт менің арызымды,
Мәрәууат илән бүгін біздерге.
Көздерімізге сырттай басқан азаны,
Мейірбандық айлаған ғаріп біздерге.
Қайран қылма шаһар Мысрының еліні,
Хазанлар донмысың бақ гүліні.
Баба дәу дедің қалмас табым сөзіңе,
Баба деп айтмаң мажалым қалмас сөзіңе.
Мейірбандық айлаң келген қыздарға,
Елші болып келдік бүгін бектерге.
Арызым айтайын бүгін сіздерге,
Бір назар айлаңыз бүгін қыздарға.
Ризам ай санам дүр наһалы билән,
Лағыл хан, Сәмет хан, Айна хан билән.
Гүлсенім жан және Сәметгүл билән,
Елші қылып жіберділер араға.
Қаракөзге ғадаб билән ғазатың,
Мұрадларын зынданда деп сұрамаң.
Пана болған адамдарды ізлемең,
Естіп тұрай ол бабаңды сіздерге.
Баба деп жаным отқа саласың,
Қанарында ақыл һошым аласың.
Қайтып келіпсің аламын дегенсің,
Елші болып біздер келдік бектерге.
Қаракөз дермін іштей бұ сөздерін,
Жаным алды менде көздерін.
Бейһүш болдым көріп бүгін жүздерін,
Есіттірдім әуел бабаны сіздерге.
Әл-ғарыз, бұ сөзді Қаракөзден есіткеш Жүсіпбек ишанып қапа болып ерді. Ахметбек билән екеуі жақсы көрер ерді. Бұлар һәм Баба Ғұмарды жоқтап Жүсіпбек, Ахметбек зар-зар жылап, бір-бірін құшақтап, асыз Бабамды көрмей қалдық деп Ахметбек бір сөз дейді:
—Енді нелайын, Жүсіп аға,
Кағбам Ғұмар Баба қане.
Тілімнен жаным садаға,
Кағбам Ғұмар Баба қане.