Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (12-бөлім)
Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 2 мин оқу
Әл-ғарыз, Қарлығаш алдыға шығып тұрдылар, бұл Әшірбек сардар ерді. Қарлығаш айым көріп, шашын жайып, жүзін жыртып, фәлактан шикаят қылып бір ғазал оқыды:
—Дад фарияд сұм фәлакты жерінен,
Шаш жазып жылаң, қалғанға ұқсайды,
Қан жыларым ағаларым дердінен,
Жас төгіп жылаңдар, қалғанға ұқсайды.
Һажран оты истиханым жағып дүр,
Барды ажал ғамыратым жағып дүр.
Әзиз тәннен шырын жаным шығып дүр,
Дад етіп жылаңдар қалғанға ұқсайды.
Фәлак салды меңа Махшар күніні,
Залым бірлән жада қылмас жаныны,
Атында көрсетем бұғаз қаныны,
Шаш жайып жылаңдар, қалғанға ұқсайды.
Қалды бір натай бауырым езілді,
Сол қысметтер руз әзал жазылды.
Уақытым жетіп, жаным тәннен үзілді,
Жас төгіп жылаңдар, қалғанға ұқсайды.
Әл-ғарыз, жігіттер жауап бермей өте берді. Қарлығаш жігіттерге қарап бір ғазал оқыды.
—Бірге кеткендер, жавонлар,
Бек Жүсіпті көрдіңлер,
Жұрт егесі бек ханлар,
Бек Жүсіпті көрдіңлер.
Хазан болды гүлстаным,
Фәлак жақты истиханым,
Көз үстінде можганым,
Жан ағамды неладыңдар.
Тағам тоймақ күндіз-кеше,
Халыма жылап бірнеше,
Ахметбек тағам беже ағамды неладың,
Атын шауып өлмегей.
Қызылбасқа қылыш салмай,
Нешік келдің ұялмай,
Бек Жүсіпті неладыңдар.
Жүзін көріп келгендермін мен дегендер,
Жүйрік бедеу мінгендер,
Сайлап инғамын алғандар,
Жан ағамды неладыңдар.
Емді ізні қылсам тауап,
Фәлак қылды баурым кебаб,
Қарлығашқа бергіл жауап,
Бек Жүсіпті неладыңдар?!
Әл-ғарыз, жігіттер жауап бермей өтіп кетті. Қарлығаш айым жылап, жоқтап көргендерді баян қылып, бір сөз айтқаны бұ дүр. Мінәжат:
—Бүгін саған ақырзаман болып дүр,
Жыла, ана, гүлнарыңнан айрылдың.
Бақи ғұмырың емді жаман болып дүр,
Жыла, ана, гүлнарыңнан айрылдың.
Хазан болды Хорезмнің гүлзары,
Құрылып дүр бүгін махшар базары.
Жанның оты айралиғның азары,
Жыла, ана, гүлнарыңнан айрылдың.
Көздің раушаны жан рахатың,
Сүйер қозың Құда берген дәулетің.
Арта тұрған дәулетің бағ-жанатың,
Жыла, ана, гүлнарыңнан айрылдың.
Исфаһанда ел халыққа бас болған,
Әзиз басы жат елдерде жас өлген.
Әфсанасы ел-халыққа шашылған,
Жыла, ана, гүлнарыңнан айрылдың.
Қарлығаш дер күйіп қалды бұ жаным,
Бір аһ ұрсам көкке жетер афғаным.
Жүсіп—Ахмет, қане, екі сұлтаным,
Жыла, ана, гүлнарыңнан айрылдың.
Әл-ғарыз, Лағыл хан қызына мәрденелік беріп, дұшпандарды мәламат қылып бір ғазал оқығаны бұ дүр:
—Нала қылып бұ жанымды күйдірме,
Көп жылама, ағаң есен-аман келатыр.
Қан төгіп рең өзре һәркез солдырма,
Көп жылама, ағаң есен-аман келатыр.
Не себептен қылдың аһ уа надамат,
Кімнен түсті сеңа уаһым қиямат.
Көп жыласаң, дұшпан қылар мәламат,
Көп жылама, ағаң есен-аман келатыр.
Ағаң кетті шекар етіп шөлдерде,
Жүрген дүр марғазарлы гүлдерде.
Балам, мені салма үшбу халыма,
Көп жылама, ағаң есен аман келатыр.
Лағыл хан дер көп жылама сол заман,
Ағаң сенің аман келер бекман.
Сипаһының бірі дүр Шаһимардан,
Көп жылама, ағаң есен-аман келатыр.
Әл-ғарыз, Қарлығаш айтты:—Жамандық, жақсылық бірдей екен,—деп ерді. Банагаһ Күлғасыл айым аза тұтып, қара киіп, шашын жайып жылап келді. Лағыл хан келінді бұ халда көріп бір сөз, Күлғасыл бір сөз, Қарлығаш бір сөз дейді: