Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (25-бөлім)
Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 2 мин оқу
Жүсіпбек, Ахметбек бұ сөзді естіп тап тағаты қалмай жарды жоқтап біздерді алып барғыл деп бір сөз дейді:
—Базарканмен келдім таулардан аса,
Арыз халым есіт емді, сұлтаным.
Жарымды тойды қылай тамаша,
Жүр біздерді ерткіл тойға, құрдасым.
Сөйле болды менің тағдыр азалым,
Танырмекен мені көрсе гөзалым.
Жүр біздерді ерткіл тойға, құрдасым.
Сені көріп дәрдім болды зияда,
Не жүз бірле кезермін дүнияда.
Жарым билән жете алмадым мұрада,
Жүр біздерді ерткіл тойға, қарындасым.
Қайта бастан қалдым бүгін бір датте,
Кеше тағат қылмадым сол аһисарда.
Емді мені тұрманым жоқ бұ жерде,
Жүр біздерді елткіл тойға, қарындасым.
Ахметбек дер көре алмадым бойыны,
Жүр біздерді елткіл тойға, қарындасым.
Әл-ғарыз, Ахметбектен бұ сөзді естіп, аттан түсіп өзінің көзін сүртіп болғандарды жад қылып, көзін сүртіп Жүсіпбек билен Ахметбекті бенде болғандарды арыз аян қылып, күйекі дастан қылып, Опабек бір ғазал оқығаны бұ дүр:
Бенде болып бес тауды илән айрылған,
Сол тоты құс алғаны бәнз алмас,
Арманы көп шахидан айрылған,
Тін ашылған гүлстаны бәнз алмас.
Көңлімнің мақсұды, азары, арманы,
Жүрегім қуаты, дердім дәрмені,
Хорезми әділеттік сұлтаны,
Бенде болған сол және банзарсыз.
Иә бір күндер түсті менің басыма,
Егем рахым айлағай көз жасыма.
Сол кешесі кіріп ерді түсіме,
Қан жылатқан сол сұлтаны банзарсыз.
Жаным алды жас төгілген көздерім,
Көздеріме дәру басқан іздерсіз.
Құлағыма жағар һәр сөздерің,
Жүсіпбек билән Ахмет ханға банзарсыз.
Көре алмадым һәркез дүние зауықты,
Жарым көрген қайғылы жайға жетістім.
Һешбір адам бұ дүнияға тояр ма,
Жар һижрандан екі көзін ояр ма,
Мен өлмей тірік жарым күйер ме,
Қандар жылап тұрған жайға жетістім.
Қарағымды кеше-күндіз жад етіп,
Рақиблар шад етіп жыласып,
Мағафасынан жарын көкке боянып,
Жарым жапа жеткен жайға жетістім.
Бек Жүсіп дер күйіп һижран отына,
Һешкім жетпес менің қылған дадыма.
Менің үшін мініп ажал атына,
Жаназамды қылған жайға жетістім.
Әл-ғарыз, Жүсіпбекті Күлғасыл айым білмеді, тіріліктен хабары жоқ. Жүсіпбек Ахметбекке қарап фәлактан шикаят қылып бір ғазал оқыды.
—Білермісің, Ахмет ханым,
Ақырзаман күн дүр бүгін.
Һешкім көрмес бұ дәуренім,
Ақырзаман күн дүр бүгін.
Жарым келер аза тұтып,
Біздер үшін жүзін жыртып.
Дұшпандарым қандар жұтып,
Тараны шор күн дүр бүгін.
Жоқтар мекен жарың сенің,
Һижар отына күйді сенім,
Пәрауаз етіп рухым менің,
Қауіп-қатер күн дүр бүгін.
Дердім болды бүгін бітер,
Һәр кімседен дәурен өтер.
Көргенше көп қауіп-қатер,
Қауіп қиял күн дүр бүгін.
Аза тұтып шер дұшман,
Кәнизалар көп әнжемен,
Бек Жүсіп дер жарым билән
Жыласар күн дүр бүгін.
Әл-ғарыз, Күлғасыл айым Жүсіпбек сөзін естіп тап тағаты қалмады. Қыздар қарап Жүсіпбек деп бір әфсана оқыды:
—Өлмесін өлмесін,
Рақиблар һәркез қалмасын.
Һәр бір жерден қараңдар,
Біздің Жүсіпбек болмасын.
Бірге келген жананлар,
Біздің билән һәм ханалар,
Барып көрің дүкәнлар,
Біздің Жүсіпбек болмасын.