Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (2-бөлім)
Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 2 мин оқу
—Құлақ салып есіт, сұлтаным,
Бектер бегі сіздерге инғам жібермес.
Үргеніштің әділеттік сұлтаны,
Жақсы сөйлеп айтып сәлем жібермес.
Аты Айхан ер Ғалидың қарындасы,
Күнтуған ханның һәм емектесі.
Екеумізге келтіріп дүр төрт наманы,
Мейірбандық бірлән инғам жібермес.
Түрлік тарту билән он бедеу аты,
Бес мөһір басылған жіберген хаты.
Алмас қылыш билән зерен қалқаны,
Екеумізге шұндағ инғам жібермес.
Һәр пендеге Құда болса мейірбан,
Қайда болса қор болмағай бекман.
Үргеніш мәліктен бізге бес сұлтан,
Сапаршылар қылып кәлам жібермес.
Жүсіпбек дер және дәуренлер келді,
Бізге бұл дәулеттер Құдайдан келді.
Ахметбек, біздің мәслихаттар келді,
Келсінлер деп бізге инғам жібермес.
Әл-ғарыз, Ахметбек айтты:—Кеңес қылып барғаныңыз жақсы дүр, сыйлы тон қысқа болмас,—деп бірнеше жерден тімсал келтіріп бір ғазал оқығаны бұ дүр:
—Кеңесті тон қысқа болмас һәр жерде,
Ағасы ағайынның, жігітнің,
Нәсібесі зияда болар дүниеде,
Ұлықтардың пендең алың жігітнің.
Аты Ерғали хан, өзі уәли дүр,
Әгар білсең шілтендердің бірі дүр.
Жүрген батқан ісің камалы бар дүр,
Ада болмас бақыт ықпал дәулет дүр.
Тез келген дәулеттің зауалы бар дүр,
Ада болмас лекін қылған жігіттің.
Алар кәбі сұлтан жоқ дүр зияда,
Назар салып жетісерміз мұрады.
Күн-түн құрметің болсын зияда,
Падишадан дұға алған жігіттің.
Бақыт жеткерер кәр дүниені,
Жаудырың бір жерге хорд калани.
Мақшар күні болғай аны иманы,
Ел атын, қадірін білген жігіттің.
Әл-ғарыз, бұл сөз мақұл болып, он мың үйлік кісі құрылып бір жерге жамғ болып Ерғали ханның жіберген тартылғыларға көз салдылар. Елі, халқы сарафраз болып еді.
—Әй, төрем, бәрің ер сыйлаған ғәзиз дүр, сізің дәулетің зияда, елі, халқы асайышта болыппыз,—дейді. Жүсіпбек ханнан келген елшілерге көп инғам беріп жіберді. Сарафраз қылып: «Біздер арқаңыздан апта өткеннен соң барармыз»,—деп көңлін толтырып ұзатып қалдылар. Әй, хан, неше мүддет жүріп Ерғали ханның елшісі қызметке бардылар, һәм хандар сұрадылар: «Шаһзадалар нешік жігіттер екен?» деп, әй хан, бектердің тағриф қылғаны бұ дүр:
—Хұб бек ұғлы Ерғали сұлтан,
Шажағат бабында Рүстемше бар дүр.
Мәрд майдан елінде белгі ұстады,
Шажағат бабында Рүстемше бар дүр.
Бір шаһ ерүр шаһы Кесауардай,
Әшірбек сардар діндардай.
Шаһы шабат бабында Рұм Қайсардай,
Әділет бабында Омарша бар дүр.
Кімсе деп болмас тура бек бабында,
Һәм һешкімні көрмедім һәр әмір бабында.
Мінген аты Ғайн Шұбар бабында,
Қояндай шыршып қоразша болар.
Күнде неше қазынасы ашылар,
Ғаріп билән дәйім ғұмыры кешілер.
Мағрифат айласа дарлар ашылар,
Бисахиф дүр бабында ғабаша бар дүр.
Пақыр, міскіндерге мейір-шапағатты,
Кімді жақсы десең, ұшанша бар дүр.
Жүзі нұрлы, тілі зікір саналы,
Қош қылықты меруетті, опалы.
Шекерден һәр сөзі білсең мазалы,
Риуаят білгенше ұшанша бар дүр.
Аптадан соң келер мұнда ишарат,
Алар үшін қылсаң дейле ғимарат.
Қадір Мәулән қылар бізге кәрамат,
Бірі хор, бірі шер дүр, қабыланша бар дүр.
Екі сұлтан бір-біріге муафиқ,
Құдайым жаратпас дәулетке лайық.
Иман айтар көріп келдім, халайық,
Естігеннен жүзін көргенше бар дүр.