Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (15-бөлім)

Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 2 мин оқу

—Әй, шаһым, біздің елдері,
Хош өтер жаз уа қыстары.
Бағларға бағбан бағар,
Миуалық дүр ағаштары.
Қыздары үйінде жатар,
Жігіттері садақ атар,
Қыз-жавоны сұхбат тұтар,
Зауық сапа дүр істері.
Хабар барса бір күнменен,
Ләшкер келер бір күн андан.
Алты батпан қара темірден,
Кәбі садақтың кірселері.
Бедеулері желеу шабар,
Шапқанда бәйгеден өтер,
Дабыл қақсаң ордай ұшар.
Бәланд паруаз құстары,
Падишалар әділ сұрар.
Бүшені бір көзден көрер,
Жүсіп пайғамбарым ерер.
Зынданда көрген достары,
Құда бір дүр, расул хақ дүр.
Лағыл маржаннан дүр тахты тастары,
Ауызда дін ислам иманы.
Біздің елге Құдайым
Тияр сегіз беһештері.
Құлақ салғыл сөзге дұшпан,
Сеңа қайтып қылсам сапар,
Сілтесе қырық мың кәпір,
Исфаһанның қылыштары,
Жадалдары бар лале базары.
Хош шаһарлар бәзілде,
Нафралар һауа зары,
Ел-жайымның достары,
Көңіл ішре арман бесияр,
Кетті біздерден ықтияр.
Майдан ішре Рүстемше бар
Жігітімнің ұрыстары.
Һешкім менің халім сүрмес,
Бұ дұшпандар көзге ілмес,
Ажал жетпей шыбын өлмес.
Ағар көзімнің жастары,
Үлкен дүр асқар таулары.
Қырық жігітің ұлық дүр.
Бұне тырнаның байлаулары,
Үстінде бар жасыл барлары,
Бек Жүсіп дер сол ісім,
Құдайға тигей налашым.
Азат болса басым,
Дұға қылған рухтарым.

Әл-ғарыз, Көзалшаһ дүр ғадаб болып, Хамза мерсубке бұйырды: «Зынданға сал» деп. «Һәркім бұларға бір ішім су берсе иә шәй, нан берсе, терісіне саман тығармын» деп үкім қылды. Хамза мерсуб зынданға салды. Жүсіпбек айтты:—Бұ зынданда бізден басқа адам бар мекен?—деп. Оян-бұян қарады. Зынданның оң жанында бір ақ сақалды кісі олтырып дүр. Жүсіпбек сәлем берді. Баба әлейк алды. Жүсіпбек айтты:— Баба, не себептен бенде зындан болдың?—деп сауал сүрді. Баба жауап бермек үшін бір ғазал оқыды:

—Шаһ ішінде жатқан баба,
Қайда болар жаның сенің?
Бенде болған, әй, бейнауа,
Не жерлік жайың сенің?

—Қайнап тасыған бек хошлар,
Дашт болар жайым менің.
Арман билән түскен бектер,
Дашт болар жайым, бектер.

—Тұрың, баба, көріселі,
Жан да болсақ танысалы,
Неше уақыт дүр түскелі,
Не болды халдарың сенің?

—Келің, балам, көріселі,
Ғаріпліктен сұрасалы,
Бір жыл болды түскелі,
Сол дүр ахуалым менің.

—Бар ма сені мұнда көрген,
Көріп сеңа һәм дам болған,
Нешік зат сен фәлак ұрған,
Не болды халдарың сенің?

—Өз жұртымда сұлтан едім,
Елін кезген керуен едім.
Көзалшаһтың түсін жорыдым,
Сол болды күнәһым менің.

—Не себептен азап тарттың,
Истиханы ағраттың.
Шаһтың түсі неше айттың,
Не болды тағбирың сенің?

—Жүсіп—Ахмет келер дедім,
Сені шаһқа салар дедім,
Тәж-тахтың алар дедім,
Сол болды тағбирым менің.

—Қайсы жұрттың әуладысың,
Сен кімсенің мілләтісің,
Қайсы шаһтың үмметісің,
Нешік дүр діндерің сенің?

—Толса басымға һәр жапа,
Есітемін андан сапа.
Дінім—Мұхаммед Мұстафа,
Ағзам дүр мәзһабым менің.

—Ғарызым есіт маһ ануар,
Жүклер едім мәсік уа ғанбар.
Менің атым—Баба Ғұмар,
Шын-Машын жайларым менің.

—Атым Жүсіп дүр менің,
Бәдр мунир уа қасіретім,
Хорезмде сұлтаным,
Үргеніш дүр жайларым менің.

Тағы оқыңыз