Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (13-бөлім)
Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 2 мин оқу
—Көзіме көрінбес бектерім досты,
Қара киіп келдің баламның құсы.
Сенен келер мекен баламның исі,
Һәмме келді, менің ұғлым келмеді.
—Ғұншалықта хазан ұрған лаламын,
Һешкім білмес бақыты неден қарамын.
Айрылысу дердінен бауыры бариянмын,
Һәмме келді, менің ағам келмеді.
Ағам ғарыз малын берді сеңа,
Ауға кетті кеңес қылмайын меңа.
Нешік ауда болды біздің елдерге,
Һәмме келді, менің ағам келмеді.
—Жігіттердің һәммелері келділер,
Қара күні басымызға салдылар.
Сүрдім меңа бенде болды деділер,
Һәмме келді менің жарым келмеді.
—Фәлак салды бізге қайғы әлімді,
Кімге барып көрсетейін сенімді,
Және емді көрермін бе баламды,
Һәмме келді, менің ұғлым келмеді.
—Алғадай жайдай бүгілмес,
Бізге бүгін қатты күндер түспес.
Бұғаз қаны ат жалына төгілмес,
Һәмме келді, менің ағам келмеді.
—Күлғасыл дер анам ахуалым бітеміз,
Айрылысу қанжары жанымнан өтер,
Бір аһ ұрсам, фәлак бауыры жыртар,
Һәмме келді, менің төрем келмеді.
—Қарлығаштың көп дүр пінһаны,
Ағам ерді Хорезмнің сұлтаны,
Жүрегімде қалды дағ арманы,
Һәмме келді, менің ағам келмеді.
Әл-ғарыз, бұлар мұнда тұрсын Жүсіпбек билән Ахметбектен сөз есітің. Көп дұшпан алдыға салып барар еді. Отыз күн дегенде Ахметбектің аяғы жарамды [болды]. Дұшпандар айтты:—Жүргіл, болмаса басыңды кесіп алып кетерміз,—деп ортаға алып ұрдылар. Ахметбек Жүсіпбекке қарап бір сөз дейді.
—Жүсіп аға, арман қалмас,
Қолым бағлы зұлым бірлән өліппін.
Қияметте дад етермін халымнан,
Қолым бағлы зұлым бірлән өліппін.
Неше таудан аса-аса бүгіліп,
Мәжнүн кәбі қамытларым бүгіліп,
Тасқа тиіп тырнақтарым бүгіліп,
Қолым бағлы зұлым бірлән өлдім мен.
Аяғыма тисе еді бір тікен,
Қылар ерді мұшфақ анам менің фаған,
Налашымнан тітірермін заманы,
Қолым бағлы зұлым бірлән өлдім мен.
Рухым пәруаз етер ұшар тәнімден,
Күндің айғашы өтіп отым қолымнан,
Аяқ басып тұра білмейм жерімнен,
Қолым бағлы зұлым бірлән өлдім мен.
Ахметбек дер һешкім жоқ дүр қасыма,
Рахым айласа көзден аққан жасыма.
Жамғұрадан қамшы жауып басыма,
Рахым қылмады көзден аққан жасыма.
Әл-ғарыз, Ахметбектен бұ сөзді естіп, Жүсіпбек дұшпандарға қарап атқа міндіргіл деп бұ өзі жас ұғлан деп бір сөз дейді бұ дүр:
—Біздің бірлән һәмра болған жігіттер,
Қолын шешіп Ахмет ханды міндіргіл.
Жүсіптің тез кесілсін дұшпан язит,
Қолын шешіп Ахмет ханды міндіргіл.
Арман билән бенде қылып түсіріп,
Қолын шешіп Ахмет ханды міндіргіл.
Нәзік кәне аяқтарын тас ұрып,
Қолын шешіп Ахмет ханды міндіргіл.
Маған болды дерд уа әлім зияда,
Уа қасіретте жетпедім мұрада,
Өзім жүрсем жаһаннамға пияда,
Қолын шешіп Ахмет ханды міндіргіл.
Жас ұлан дүр білмегенін білдіргіл,
Ұрма, соқпа, шадына күлдіргіл,
Көздерім көрмесін мені ұрғыл,
Қолын шешіп Ахмет ханды міндіргіл.
Әл-ғарыз, дұшпандардың ашуы келіп Жүсіпбекті ұрдылар. Ахметбек бұ халатта айтты:—Құдай тағаланың ісіне разымын,—деп әй-уайыне һәм қоймады. Ахметбек Жүсіпбекке қарап бір сөз дейді: