Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (6-бөлім)
Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 3 мин оқу
—Үсті қарлы ала таулар,
Болғанымды көрдіңіз бе?
Язидлерге бенде болып
Кеткенімді көрдіңіз бе?
Бенде болып сол арада,
Қалыппын сансыз бәледе.
Дұшман атты, мен пияда,
Көргенімді көрдіңіз бе?
Қандар тұнып көз жасым,
Фәлак тітірер налашым.
Қамшылар жауып басыма,
Қалғанымды көрдіңіз бе?
Қырық жігітім барша қалып,
Өз-өзіні ғамға салып,
Ахметбекті бірге алып,
Түскенімді көрдіңіз бе?
Жүсіпбек дер сенім дағлы,
Арманым көп дүр неше қилы.
Ат жалындай қолым бағлы,
Болғанымды көрдіңіз бе?
Әл-ғарыз, таудың дарасыдан өткеріп жөнелді. Ахметбек ғарық маст еді. Хаял банкле көзін ашып көрсе Жүсіпбекке айтты:—Әй, Жүсіп аға, біздер нема күнә қылдық? Әшірбек сардар бағлап келер,—дейді. Жүсіпбек Ахметбекті көріп, бұ халатта Ғасыр сардардың қалған дүр деп бір ғазал оқыды бұ дүр:
—Көзін ашқыл бек Ахметім,
Дін Хорезм шаһарым қалды.
Қолым бағлап бенде болып,
Айрылысу дәрдін салып,
Исфаһаннан бірге келген,
Сидықы бірле қызмет қылған,
Жігіттерге сардар болған
Әшірбектей серім қалды.
Ада болмас менің күйім,
Ғаріплік дадыға күйім.
Сарғайып рең, рауаным,
Қыбылагөһім атам қалды,
Не менің нышаным қалды?
Күйіп кағба ханым қалды,
Менің үшін қандар жылап,
Меһірбаным анам қалды.
Бағлап дүр білектерім,
Қабыл болмас тілектерім,
Көтерем ағыр жүктерім,
Қатар билән нарым қалды.
Он бесі қозылы сазлы,
Жиырма бесті, отызлы,
Жиырма бесі баһар сазлы,
Шөйлә қожақларым қалды.
Ел көзінден болдым ғайып,
Мүлкім болды бейсахиб,
Ағакем деп шашын жайып,
Қандар жылап сіңлім қалды.
Жүсіпбек дер жоқ хасаным,
Сонда болған дүр несібім.
Һәм дамым, һәм мұсахибым,
Күлғасыл жарым қалды.
Әл-ғарыз, Жүсіпбектен бұ сөзді есіткен Ахметбек һошиар болып айдылар:—Бұ істерді Құдай Тағаладан,— деп бәлаға сабыр қылды. «Құдайдың өзі білер,—деп марданалық беріп,—тағамның сөзін қабыл қылмадым»,—деп бір әфсана оқыды, бұ дүр:
—Арманым көп қалды, иә, Зүлжалал,
Қырық мың ләшкер шаһтың бізге,
Қалқаным тұтмады шерияздан жүзге,
Атымды шаптым қалғадан түзге.
Арманым көп қалды, иә, Зүлжалал,
Ахмет менен кішік, мен Ахметке бас,
Ғаным бірлән һәр кез болмағыл жолдас,
Кісі қолға түсер ме кесілмей бас.
Арманым көп қалды, иә, Зүлжалал,
Ойран болды дін шаһар Хорезм,
Хазан болып дүр фасыл баһар,
Арқамнан жетпеді қырық аждаһарым,
Арманым көп қалды, иә, Зүлжалал.
Бір тағамның насихатын алмадым,
Арманым көп қалды, иә, Зүлжалал.
Фәлак бұзды беклігімнің санын,
Арманым көп қалды, иә, Зүлжалал.
Жүсіпбек дер хата қылдым ісімді,
Арманым көп қалды, иә, Зүлжалал.
Әл-ғарыз, бұлар мұнда тұра тұрсын. Әшірбек сардардан сөз есіткіл: Көп жігіттер билән ғарық маст болып жатып ерді. Банагаһ Әшірбек тұрып көзін ашып көрсе, Жүсіпбек билән Ахметбек аты һәм жоқ, ерсе ізін алып жөнелділер. Ошал кемерге қайтып жігіттерді оятпақшы болып Әшірбек бір әфсана оқығаны бұ дүр:
—Язидлерден ағыр ләшкер келіп дүр,
Жүсіпбекке шоқ саудалар салып дүр.
Уа Алла ағлам, Жүсіпбек құл болып дүр,
Төрең, бектер айырып алай ханымды.
Бізді жоқтап көзден жасын төкпесін,
Бенде болып марданы көңлі шекпесін.
Әй, жігіттер, бізге намыс болмасын,
Төрең, бектер айырып алай ханымды.
Мұнан барсақ бізден тілер сауға,
Бисағат екен күн шығыппыз.
Һамангаһ тұрғыл, мінгіл емді бедеуге,
Төрең, бектер айырып алай ханымды.
Әшірбектің аңлаң емді сөзіні,
Ақылыңызға келіп аңлаң тұғры,
Құда жар болса, біз қырсақ кәпірді,
Төрең, бектер айырып алай ханымды.