Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (9-бөлім)
Бозұғлан · Ешбай нұсқасы (Қазан, 1904) · 2 мин оқу
Бек Жүсіп дер фәлак бұзды санамды,
Насамдай жерге төкті қанымды.
Сенің үшін алса баройе жанымды,
Мен айланай атың бірле өзіңнен.
Әл-ғарыз, Жүсіпбектен бұ сөзді естіп, Әшірбек Жүсіпбекке мәрданалық беріп, бір әфсана оқығаны бұ дүр:
—Менің үшін мәтім тұтып жылама,
Өлген жақсы сенен қалғанша, сұлтаным.
Нала қылып жүргенімді дағлама,
Сабыр айлағыл мен келгенше, сұлтаным.
Түсті бізге айрылысудың фирақы,
Нала төніп дүр өмірім шырағы.
Жан жасаттан шығып лахд топырағы,
Көздерімге [жас] толғанша, сұлтаным.
Мойныма салып тиғ қазаны,
Бір Хақ ерер Мұхаммедтің азаны.
Нагаһаннан жетсе ажал жазаны,
Ғұмырым күллі таусылғанша, сұлтаным.
Ғашараттар қан дүр Үргеніш жұртында,
Көңілімде айрылысу дәрдінде,
Бұ майданда бүгін сенің алдында,
Өлсем жақсы мен жүргенше, сұлтаным.
Үміт сенсіз отандарын тұтпадым,
Айрылысудың заһар бесін жұтпадым,
Сені қойып сол жерлерден кетмедім,
Әшірбек дер на өлгенше, сұлтаным.
Әл-ғарыз, Әшірбек сардарын сүйеп алып кеттілер. Әшірбек екі кем отыз жараны жандылап, атқа мініп, дұшпандарын және қырдылар. Хазірет Шаһмарданға мінәжат қылып, Әшірбек бір әфсана оқығаны бұ дүр:
—Екі дүние раһбарым, мәрд майданым, иә Әли,
Руз жазада дәсткерім саябаным, иә, Әли.
Істерім сізден бір медет басыма түсті қиямет,
Мүшкілім айлаң кәшад шер рауаным, иә, Әли,
Ғаріпладрың панаһы шер, күллі еренлер шаһысыз,
Шілтендердің патшаһысыз рухы рауаным, иә, Әли,
Болып дүр шөйлә мәламат, қалдым мұнан саламат,
Мұрадым айлаң кифаят шапағат тілейім, иә, Әли,
Бұ дұшпандарда жоқ дүр медет, шерім дейді сізді Ахмет,
Әшірбекке берің медет бешт панаһым иә, Әли.
Әл-ғарыз, ұрысқа жігіттер қайратлы болдылар. Һәрқаяға жүріп, һәр тарапқа кезділер бүгін деп Әшірбек бір мінәжат оқығаны бұ дүр:
—Мүшкіл істер түсті менің басыма,
Жарандардан бізге медет болмаса,
Не жаздым, не жаңылдым пәни дүниеде,
Бұ майданға жеталмаспын мұрада.
Рахым айлап көзден аққан жасыма,
Саябаным фахар жаһан болмаса,
Күшлі ғаным билән қалдым бәледе,
Бұ мүшкілім және асан болмаса.
Жаман болды менің сағат арманым,
Пәруаз етер бүгін рух рауаным,
Жасымнан айрылмас қайғы тұманым,
Жетпіс екі сахиб қыран болмаса.
Бенде болды менің жантек суарым,
Көзімнің раушаны жанда мадарым.
Басымнан қалмады сабыр қарарым,
Әбу Бәкір, Омар, Оспан болмаса.
Соғыс ете тауының жанында,
Сауыттары бара болсын иығында.
Әшірбек дер қалдым махшар күнінде,
Меһірбаным Шаһмардан болмаса.
Әл-ғарыз, ұрысқа мықты болдылар. Дұшпандар бірлән тоғыз кеше-күндіз ұрыстылар. Әшірбек сардар жігіттерге марданелік беріп бір әфсана оқығаны бұ дүр:
—Шабың, шақлап ат қойыңдар,
Көп бір жаннан, аз бір жаннан.
Язидтің көзін ойыңлар,
Қырық бір жаннан, жүз бір жаннан.
Таулар басын бүгін алсын тұман,
Дұшпандарға һәркез бермең аман.
Айындан қашмаң, болар жаман,
Аз бір жаннан, көп бір жаннан.
Бұл шырын жаннан кешіңдер,
Кәфын топтан бешіңлер.
Һәрқайсының отын шашыңдар,
Жүз бір жаннан, қырық бір жаннан.
Қырғын тапсын қызылбасы,
Боялсын таулардың тасы.
Тамаша қылсын су іші,
Тау бір жаннан, жүз бір жаннан.
Әшірбекті шаһ суары,
Басында махшар базары,
Дін Хорезмнің беклері,
Сіз бір жаннан, біз бір жаннан.