Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Көрұғлы (33-бөлім)

Көрұғлы · Ә. Жүргенбаев нұсқасы · 1 мин оқу

Есен әкеп анасын алып оралып,
Ай жолына қайтып елге келеді.
Бұрынғылардан қалған осы мысалы,
Кетпей қайтеді көңілдің енді тосабы.
Есен әйләп Күләйімдей анасын,
Кәждембекке тіршілікте қосады.
Тапқан назар салмайды ма алапқа,
Өтіп жатыр бірнеше күн санапта.
«Талапты ерге нұр жауады» дегендей,
Көрұғлыбек жетті мұндай талапқа.
Жазылған сөз нұсқа болып баяғы,
Кеміс қалды Көрұғлының қаяғы.
Халық үшін арнап жазған еңбегі,
Тамам болды Көрұғлыбектің аяғы.

[Жыршының түсінік сөзі]:

Бұл Көрұғлы ертеректе тарих болып әр ұлт өзінің тілінде жазып келе жатқан ғой мұны. Мана басында айтып кеттік қой қандай жағдайларменен, осындай тарих басталып кететіндігін. Бірақ мен мұны өз жанымнан шығарып отырғаным жоқ. Берігірек келген соң Керейіт Орынбай дейтұғын кісі айтып жүретін еді. Ол кісі менің өкіл әкем еді. Сонан құлағым көп қанығып еді. Қаныққанмен ойдағыдай толық айта алмай жүрдім. Ол Орынбайдан Қара тамыр Тұрымбет дейтін жырау алған екен. Тұрымбеттен Метей—Сарқасқа Молдахмет дейтін кісі алған екен. Молдахметпенен бірге филармонияда істеп жүргенімде Молдахметтен осының толығын үйреніп, халыққа 25 жылдай осыны тыңдатып жүрмін.

Көрұғлы

Барлығы: 133 жыр

Тағы оқыңыз