Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Көрұғлы (23-бөлім)

Көрұғлы · Ә. Жүргенбаев нұсқасы · 2 мин оқу

Жаманатқа арылмастай таңылдым,
Жаңылғандай, Жаратқан Ием, мен нағылдым?
Өз анамды ат сідігіне айырбастап,
Бақытымнан бастан түгел арылдым.
Қайтып қалды Көрұғлының райы-ай,
Оңға айналса жұмысымның сылайы-ай.
Өз анамды ат сідігіне сатыппын,
Қалай болды-ау, Жаратушы Құдай-ай?!
Ғапылдықтың кейін білдім өткенін,
Ашылады сөзден шындық шектерім.
Өз анамды ат сідігіне сатыппын,
Жаратқанның кәйтіп көрем беттерін.
Бұл дүниеде еркін еді жүргені,
Жақсы еді шаттық өмір сүргені.
Ердің сөзі екі болса дұрыс па,
Ондадағы барлығы бір өлгені?!
Не екенін ойлап қайдан біледі,
Жас сәбидің соқты қайта жүрегі.
Амал бар ма уадаға қол соқты,
Келіп енді үйіне сәби енеді.
Түсі қашқан Көрұғлыны қараса,
Баршагүл де жас сәбиді көреді,
—Қайдан келдің деді, жаным шырағым,
Мен пәруана басыңнан күнде боламын.
Түсің неге мұнша қашты, сәбиім,
Айтшы сөздің шындық пенен халалын.
Бұл жалғанда тегін келіп тұрмадың,
Көргенсің ғой бір жаманның азарын.
Айтшы жаным, сұрағаным достарым,
Көңілімнің көтерейін хоштарын.
Тілі тисе кімдер екен тигізген,
Атаңа айтып кестірейін бастарын.
Көрұғлы айтты: «Дүнияда менің жүргеніме
Менен басқа жоқ қой ана ермегің.
Жолы түсіп біздің елге, жан ана,
Райхан араб деген патша келгенін.
Астындағы көк қасқа бар тұлпары,
Назар түсіп сол қасқаны көргенім.
Бұл дүнияның ойламаппын өлімін,
Жалған айтсам қалай болар сенімім.
Қол соғыппын мақұл келіп Райханға,
Көкқасқаға кетіп сонда көңілім.
Шығар ма алмай көңілім ғапыл лепімді,
Балаң сұрап Райханға өтінді,
Ақыл кетіп алжасыппын, жан ана,
Көріп тұрмын өлмеген соң бетіңді.
Сол уақытта жауап қатты Баршагүл,
Миуа бақша жалғызмысың сен бір гүл,
Жауап берді наза болған балаға,
Кім таласад ақылы кеңес данаға.
Тым болғанда бір жылғы тапқан малмын да,
Өзім менің басыңнан сенің садаға,
Кеулі қалып қояр-ау деп сәбидің
Шыға келді Баршагүл де далаға.
Не екенін ойлап қайдан біледі,
Алдаған ғой жастығын біліп бұл ерді.
Баршагүлді білегінен іліп ап,
Райхан араб қашып елге жөнелді.
Қайғы сана тарқар ма ердің мұңынан,
Кім тыңдамайт айтса сөзді шыңынан.
Өзі буаз боз биемен Көрұғлы
Қуып келді зерттеп соңынан.
Айтып кеткен нұсқа қылып қария,
Халыққа болған етек жайып жария.
Ілектесіп келе жатыр еді Көрұғлы
Кездесті алдан үлкен Амудария.
Қайтпайтұғын көк қасқаның беті еді,
Шын адалдық Көрұғлының не етеді.
Арман бермен бұрын өткен көк қасқа
Секіріп сол Амудариядан өтеді.
Таудай ердің қайт болып қалды талабы,
Егер жүрсе көрерсіздер араны.
Өткеннен соң арғы бетке Райхан
Көрұғлыға қайта айқай салады:
—Ашуыңды, Көрұғлы, бек жинама,
Жалған айтсам мені де сен силама.
Құлағың сал адал сөзім өзіңе,
Боз биені астыңдағы қинама.
Боз биеңді бала енді жақсы бақ,
Айтатұғын өзіңе сөз үшбу хақ.
Боз биеңді күтіп бақсаң, Көрұғлы,
Боз биеңнен туад сенің Ғират ат.
Ат кеуліне мен де қалдым ұнамай,
Адам айтпай шындық сөзді тұрама-ай,
Кемдігімді құбла кісінің ығымен,
Бара жатқан мен пәндемін шыдама-ай.

Тағы оқыңыз