Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Көрұғлы (28-бөлім)

Көрұғлы · Ә. Жүргенбаев нұсқасы · 2 мин оқу

Сені алдап Райхандай бұзығың,
Етті біздің ақ некеге арамын.
Гүлнар деген жалғыз қызы бұл тұрған,
Жаның әзір көрген емес азабын.
Менен сәлем Кәждекеңе толық айт,
Гүлнарды сол Кәждекемге қосып қайт.
Қайта айналып сонсын жаным келерсін,
Күнің туса раста осыны көрерсің.
Еткен ісі арам болды арабтың,
Шаһарына келіп, жаным, төнерсің.
Айтқан сөздің тыңдап тұршы төтесін,
Сабыр етсең не қиыннан өтесің.
Қамқұн болып қалған шығар Кәждекем,
Бұзғаннан соң араб астыр некесін.
Келгеннен соң толық мынау ақылға,
Көрұғлы бек келді дұрыс мақұлға.
Не екенін ойлап қайдан білерді,
Қорғаннан соң тыңдатпай ма бұл ерді.
Гүлнар сынды Райханның қызын алып,
Ойнақтатып кейін қайтып жөнеді.
Бір сұмдыққа Баршагүл енді бастады,
Абыржу мен өз-өзінен тапқаны.
Алып келген жуамын деп кірлерін
Тас құдыққа түгелінен тастады.
Шашын жайып, бетін жырып ойбайлап,
Шаһарына Райханның қашқаны.
Болмады бұл сапарда талабы,
Түйіледі дауысты естіп қабағы.
Айқай салып берекесін алды да,
Райханға енді жетіп барады:
—Нағып жатсың, деді, арыстан Райхан,
Шыға жаздады мен ғарыптан шыбын жан.
Шыдам ұстап жату қиын өзіңе,
Айырылып келдім Гүлнар сынды қызыңнан.
Келтіруге айналдырды кезімді,
Тыңда менің шындық айтқан сөзімді.
Қайрат қайда қарсыласар онымен,
Шаншып тастап кете жаздады өзімді.
Лүпілдеді естіп Райхан жүрегі,
Қайтып адам бұл қорлыққа көнеді.
Киетұғын киім таппай үйінен,
Қос көрпені көктеп мойынға іледі.
Жайдақ мініп Көкқасқаға Райхан,
Қызын қуып артынан сол жөнеді.
Көрдіңдер ме сөздің асып шегінен,
Тыңдаңыздар әділ айтқан кебінен.
Боз биеге дарыған соң қасқаның,
Қадамы сол бұрынғыдан кеміген.
Жиып тұрған басында оның күші еді,
Тұлпарлықтың есесінен ішеді.
Қаран келіп қалғаннан соң Көкқасқа,
Дарияның ортасына түседі.
Қайтып болсын Райханның тұрағы,
Бұл ызаға қайтып енді шыдады.
Дарияның ортасына түскен соң,
Толқынымен Райхан аралға ығады.
Көп машақат Райханға көрініп,
Қалай шықсын дариядан шегініп.
Су сіңген соң үстіндегі қос көрпе,
Бет-бетіне ағып кетті сөгіліп.
Айналғай болып қалды алаңы,
Алды-артына болған шығар харамы.
Өлдім-талдым дегенінде Райхан
Бір шығанақтан шықты жалаңаш.
Қайғы сана тарқамай тұр мұңынан,
Тыңдаңыздар айтқан әділ жырынан.
Райхан араб қызын қуып кетті деп,
Әскерлері шыққан екен соңынан.
Бүркіреумен әскерлері келеді,
Не екенін түсініп қайдан біледі?
Тұт жалаңаш дарияның жағасында
Райханды әскерлері көреді.
Біреуі айтты: «Ай дүниядан шын мақтан,
Деді бәрің кейін тұрып шын сақтан.
Райханға қандай жағдай кездескен,
Шығар деді біреуі мұны жын қаққан».
Біреуі айтты: «Ей, тиышыңмен тек тұрған,
Назар түссе бәрімізге бүр құрбан.
Дені сау деп кім айталар осыны,
Шынында сол Райханды жын ұрған».
Біреуі айтты: «Қайтып бұры қыспайық,
Жеңілдікпен айтып сөзді ұшпайық.
Қаһарланса бәрімізді қырады,
Айдалада сол Райханды ұстайық».
Біреуі айтты: «Тереңнен ақыл ойлайық,
Кейін қашып шегініп мұнан таймайық.

Көрұғлы

Барлығы: 133 жыр

Тағы оқыңыз