Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Көрұғлы (8-бөлім)

Көрұғлы · Ә. Жүргенбаев нұсқасы · 2 мин оқу

Диуана мінген өзі жалбыр торының,
Дүбірі кеп құлағын ердің шалады.
Раушан айтты бұл сөзімді нақтап кел,
Диуана тұсымыздан өткен мынау жақсы атпен.
Өзім үшін я, Кәждем, тыңдашы,
Кімде болса нақ осыны тоқтат деді.
Қолға түссе деді, Кәждем, осы ат,
Кеуілдегі орындалар мақсат дер.
Диуананың естіген соң құлағы,
Аттың басын бұрып кейін тұрады.
Енді жақын Раушанбек келеді,
Өз елінде арыстан туған бек еді.
Көретұғын көзі қайда ғаріптің,
Сылап-сипап қолыменен көреді.
Қанды аралас қызылбас төккен жастарын,
Қор қылған соң не қыларсың, достарым.
Көре тұғын көзі қайда ғаріптің
Сылап-сипап аттың көреді бастарын.
Кәждемге айтты қымбат айтып бұлдама,
Мен аламын егер келсе ой, Аллаға,
Кәждемменнен арман-бермен сөйлесіп,
Сатып алды алпыс екі ділдаға.
Қайтты екеуі сол тұлпарды жетелеп,
Келе жатыр Һәулісіне төтелеп.
Раушан айтты: «Қайтпасын қисса ырайың,
Әр жұмыстың алды оңғарар сылайын.
Қамқұн болып жүргенімізде, Кәждеке,
Ойда қапты, ескерді деді Құдайым.
Бұл сөзімді тыңдаңызшы құлақ сап,
Айтайын мен кеңесімді сізге нақ.
Ойдағы атым кез келіп қалды Кәждекем,
Қырық күндей түнекке салып мұны бақ,
Сонда шығар деді Кәждем мерейім,
Енді бізге мұнан артық не дейін.
Қырық күн шарты біткеннен соң торыны
Алып келші, соны өзім көрейін.
Айтқан тілін Раушанбектің алады,
Кім тыңдамайды бұл сияқты дананы.
Айтқанындай күннің көзін көрсетпей,
Қырық күнге шейін түнекке салып, бағады.
Қырық күн шарты біткеннен соң Кәждекем,
Раушанбекке торыны алып барады.
Әңгіменің тыңла бегілер наштарын,
Көрдіңіз бе сабырлы ердің сасқанын.
Көретұғын бұл ғаріптің көзі жоқ,
Тауып сипап қол мен көрді бастарын.
Тор атыңды келтіріпсің бабына,
Түсініпсің деді, Кәждем, тағы да.
Құлағың сап тыңдап отыр, Кәждеке,
Тер қалмапты торының енді жанына.
Енді екеуміз мінгесіп алып, «шу» десек,
Ұшқан құста ермейтін бопты шаңына.
Бұл сөзіме Кәждекемде салшы шер,
Ақылы толық өтпес сендей кемеңгер,
Падишаның ат сынайтын қырық қабат дивалына,
Ай жарығымен торыны кешке салып көр.
Қасиеті қандай екен байқа да,
Қайта айналып маған бәрін айтып кел.
Айтқан тілін Раушанбектің алады,
Алмағанда ақыл қайдан табады?
Ер тоқымын салды енді торының,
Сынбасын деп Раушанбектің назары.
Өте қиын ырғуы дивалдан,
Ай жарығымен Кәждем кешке барады.
Бұл сияқты ерлікке ісі ұсады,
Жақын келіп тақымын Кәждем қысады.
Ердің етер қорғанбайтын ісі еді,
Жиып тұрған тор тұлпардың күші еді.
Жақын келіп тақымын қысып қалғанда,
Қырық кездей ар жағына түседі.
Қайта айналып Раушанбекке келеді,
Баян айлап бәрін айтып береді.
Раушан айтты өзінікін жөн қылар,
Сізді де сол бір жеріңді кем қылар.
Бұл мейірімсіз қызылбасқа сенбейік,
Көп кешіксек, ит пен құсқа жем қылар.
Кеше көрген қиындықты өтейік,
Жаратқанның жазуына не етейік?
Хабар тапса, қызылбас бізді құртады,
Күн айналмай, Кәждеке, енді кетейік.
Қайғы-сана тағы салар уайым,
Жәрдем болар біз ғарыпқа Құдайым.

Көрұғлы

Барлығы: 133 жыр

Тағы оқыңыз