Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Көрұғлы (10-бөлім)

Көрұғлы · Ә. Жүргенбаев нұсқасы · 2 мин оқу

Аман өтті екі бекзат шаталмай,
Қарауыл да қалды кезеп аталмай.
Не екенін ойлап қайдан біледі,
Алла сақтап есен өтті бұл ерді.
Есен-аман дұшпандардан құтылып,
Ойнақтасып жолға түсіп жөнелді.
Болмай қалды мирахорлардың тұрағы
Қайтып адам бұл жұмысқа шыдады.
Көз алдынан айрылды бұл дұшпаннан
Күңіреніп мирахорлар жылады,
Бұл дүниеде енді қайтып жүреміз,
Қалай өмір десті бұлар сүреміз?
Көз алдымыздан айрылып қалдық дұшпаннан
Кесті басты Шаадаттан өлеміз.
Таудай ердің қайт болып қалды талабы,
Жабылып қалды мирахордың қабағы.
Айтпаған мен Шаадат хан өлтіред,
Еңіреумен Шаадатқа барады,
—Құлағың сал бізге деді, Шаадат,
Айтатұғын өзіңізге үшбу хақ,
Қапылдықта бір дұшпаннан айрылдық,
Тақсыр, міне, кессең деді алда бас.
Қиындықтың бізден тақсыр өткені,
Мақсұтына тірі кетсе жеткені.
Мылтық кезеп ата алмадық періні,
Неде болса есен-сау сол кеткені.
Сол уақытта көзден төгіп жастарын,
Шаадат хан шайқай берді бастарын.
Балаларша бармағын шайнап Шаадат,
Шақырып алды жан-жағынан достарын.
—Бір қапыл бізден асылы өтіпті,
Тірі кетсе соқыр, түбімізге жетіпті.
Өзі сыншы емес пе еді соқырдың,
Бір тұлпарды тауып алып бекітті.
Көп кешігіп тұрмаңыздар бұл жерде,
Сол соқыр ғой елге қашып кетіпті.
Белді бекем бір-екеуің буыңдар,
Ер болсаңдар қызатұғын долы бар.
Өзі айтып ед сол соқырдың деп тартымды,
Сұр мен шағыр екеуін мініп қуыңдар,
Құтқармайды осы екеуі қашқанын,
Таптырмаңдар иттің онша достарын,
Жете қойсаң маған тірі әкелмей,
Кесіп әкеп көрсет деді бастарын.
Қалай шыдап енді бұлар тұрады енді,
Болмай тұрған ізі менен тұрағы.
Сұр мен шағыр екеуін мініп, бір кезде мирахор
Раушанбекті есіткен екен кұлағы.
Жақын жердің таңдап бұлар төтесін,
Не биік белдерден асып сілтесін.
Жете қойса басын кеспей нетеді,
Деген сөзді Шаадат хан етеді.
Не екенін ойлап қайдан біледі,
Қуып келед елге қашқан бұл ерді.
Кеше түсте кетіп еді Раушанбек
Тұлпарының қалай дабыс келеді?
Тауып шапты қызылбастар төтені,
Деді таныс емес де еді мекені.
Бүгін түстен күн еңкейіп бара жатыр,
Арттан қуып шағыр енді жетеді.
Раушан айтты:
«Ей, Жаратқан Жаппар, Бір уа Бар,
Бұл сөзіме, Кәждеке, енді құлақ сал,
Қаны қызып астындағы ат елегізіп,
Келе жатыр, отырсыз-ай бихабар.
Тыңдап келем, Кәждеке, сіз тыңдашы,
Артымызда біздің үлкен бір дүбір бар,
Мен сорлының көре тұғын көзім жоқ,
Сіз өзіңіз, қараңызшы қандай мал?!
Бөтен жақтан болмай тіпті алаңы,
Кім тыңдамайт Раушанбектей дананы.
Есіткен соң айтқан сөзін Кәждекем,
Денесін бұрып артқа назар салады.
Бастан аяқ түс-түтігін көрген соң,
Баян айлап айтып жатыр жаңағы.
—Жалғыз аяқ көпті жеген табырды,
Неге жетсін бір кеткен соң сабырды,
Келе жатқан ат реңін байқадым,
Ала аяқ көбелек көз шағырды.
Кәждем айтты біздерге болсын Алла жар,
Жаратушы деп келеміз ғой бисұңқар,
—Я, Кәждем, саспаңызшы осыдан,
Тұлпар басын жылдам енді бұрып ал,
Өтінішім өзіңізге, Кәждеке,
Күн астында тұлпардың басын тура сал.

Тағы оқыңыз