Көрұғлы (17-бөлім)
Көрұғлы · Ә. Жүргенбаев нұсқасы · 2 мин оқу
Көңілімнің көп болар тұр алаңы,
Қайым болып бар атыр-ау заманы.
Хайыр хош боп ғарасатта көрерміз,
Жалғаншының мен боп барам адамы.
Бабалының қайтты көңілі қуанып,
Көрұғлының келе атыр көңілі суалып.
Мұны көріп тағат қылмай Күләйім,
Келе жатыр көзінен жасы шұбалып.
Артық еді әркімнен жасы шұбалып,
Жас баланы көргеннен ақ иеді,
Бауырына басып алып Күләйім,
Иіскеп-иіскеп ақ бетінен сүйеді.
Иіскегенде ақ бетінен сәбидің
Тас емшегі тартылып қалған иеді.
Асылы бала жан перзентін көрген соң,
Иіскегенде жас баланы еміреніп,
Алпыс екі тамыр түгел иеді.
Қол ұстаса қағысқанда қияды,
Дұшпан иттің тиер ме екен зияны,
Мен айналдым форымыңнан, Көрұғлы,
Көкесінен аумай қапты мияғы.
Бүгін өлсем енді менде арман жоқ,
Тұлпар аттың қалған екен тұяғы.
Үйіне ертіп жас сәбиді барады,
Бөтен жақтан болмай титтей алаңы.
Күні-түні шығармай тысқа бағып жүр,
Қызылбасқа тиеді-ау деп хабары.
Енді қойса бұл мейірімсіз қызылбас,
Тиер-ау деп шырағыма залалы.
Сыр шашпады дұшпан түгіл, досына,
Жан жүргізбейді Көрұғлының қасына.
Шығармастан үйде бақты Күләйім,
Қысқа күнде пәруана болып басына.
Сөйтіп жүріп Көрұғлыдай сәбиін
Шықты онның бір жылдары жасына.
Он жасында әр жұмысты ойлады,
Қайрат керіп қанатына симады.
Күләйімнің тілін алмай Көрұғлы
Бір күн көше бойлап енді ойнады.
Көңілінің көп болып жүр алаңы,
Оңға айналсын сәбидің асыл талабы.
Көше бойлап келе жатыр еді Көрұғлы,
Ойнап жатқан көрді бір топ баланы.
Балалықтың қақысы жеңіп, Көрұғлы
Көп айналмай соған жетіп барады.
Ойын деген өте қызық сәбиге,
Көп баламен бұл да ойын салады.
Мәйлі онда, мейлі болсын жиырмада,
Шәк келтірмейт лақтырып баланы.
Біреуінің мініп алып төсіне,
Шекесінен шеке тамыр алады.
Шыбын жаны қызылбас иттің тым тәтті,
Алған жаңа шеке тамыр тым батты.
Құтылған соң состиып тұрып қызылбас,
Анадай жерге барып тұрып тіл қатты.
«Тыңда қырда көрсін десең қызықты,
Келесіңде қисық қыласың жүзікті.
Әкемізге барып айтсақ осыдан,
Елден қуар сендей жетім бұзықты».
Асыл туған Көрұғлыбек сымбатты,
Қызылбастың тілі бұған шын батты.
Жиыстырып ойынының бәрін тастады,
Жерге тамды көзінің мұның жастары.
Не екенін бала ойлап біледі,
Соқты жаман естіген соң жүрегі.
Тастады да ойынның бәрін Көрұғлы,
Келіп үйге күн батқан соң енеді.
Қамқұн болған отыр еді Күләйім,
Баласының түрін енді көреді.
Қарақұрым болып келген Көрұғлы,
Көргеннен соң ұшты Күләйім жүрегі.
«Болмай келді тұлпар барды тұрағын,
Неге жасқа толып тұрар шырағың.
Тіл алмадың, ойнап кеттің сен бүгін,
Қандай іске кездестің деді, шырағым».
Көрұғлы айтты: «Жаратқан жалғыз бұйру бар,
Бұл сөзіме жаным ана құлақ сал.
Өле-өлгенше сүйегіме мөр болды,
Естен шығып кетпейтін шығар бұл азар.
Артық пен сұра көрдім кеміні,
Бұл қызылбастың неге келдің еліне?!
Бұл мейірімсіз тілі жаман өлтірді,
Ілестірмес бізді өмір шеріне.
Қалмас тілім тіршілікте жаңылып,
Қайғы басты сәбиіңді сабылып.