Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Көрұғлы (18-бөлім)

Көрұғлы · Ә. Жүргенбаев нұсқасы · 2 мин оқу

Жаным ана, шындығынан сөйлеші,
Кісі елінде отырмыз біз неғылып?!
Бұл дүниеде орынсыз іске көне ме,
Шындық айтса ешкім соған сене ме?
Жаным ана, шыннан сөйлеп түсіндір,
Дүниеге атасыз адам келе ме?!
Айтқан сөзі сындырып тұр белімді,
Көргім келмейд өлгенімше кеміңді.
Жаным ана, жан сақтамай шын сөйле,
Кім боламын тауып бер менің елімді?!
Кешіре көр артық айтсам қапаңды,
Бір қызылбастың тілінен бас шаталды.
Дүнияға атасыз адам келе ме,
Кім боламын, тауып бер менің атамды?!
Бұл жалғанда енді қайтып жүремін,
Қалай енді етіп өмір сүремін.
Шын айтпасаң жан салып, ана, тыңдашы,
Тау мен тасты қаңғып босқа өлемін.
Көтере көр шындық сөйлеп белімді,
Анық туған анамсың ғой сенімді.
Бұл жалғанда өмір сүру қиын-ды,
Шыннан сөйле тоқтатайын белімді».
Естіген соң Күләйімнің құлағы,
Енді қалай бұл жұмысқа шыдады.
«Жаңа ғана сөнген күнім жанып ед»,
Жасын дария етіп тағы жылады.
«Ешкімнің жоқ деді бұған таласы,
Қайта ағызды-ау көзімнің екі парасы,
Шырағыма қайдан жүріп кездесті
Бұл мейірімсіз қызылбастың баласы.
Тұтпай қалар жалған айтсам мерейің,
Енді бұған,—деді,—ойдан не дейін».
—Құлағың сал, деді, жаным шырағым,
Сөзін тыңда бір азғантай анаңның.
Арғы атаңды сұрасаңыз Толыбай,
Түрікпен елі түгел еріп ед соңынан.
Сонан туған өзіңнің әкең Раушанбек,
Қызылбастың құл боп келген қолына-ай.
Сыншылығы басына жетіп арыстың,
Екі көзін ойғызып еді сорына-ай.
Артық пенен көне алмап еді кеміне,
Ілестіре ме қызылбастар шегіне.
Қамқұн болған сорлы еді әкеңіз,
Жүргізбеді қызылбастар жөніне.
Менің жұптым, сенің тағаң Кәждембек,
Осы екеуі қашқан еді еліне.
Әңгіменің осы жаным халалы,
Үлкен иттің саған да тиер залалы.
Шынымды айтпай не ғылайын, шырағым,
Қайда болды анаң енді қарағым.
Кеткеніне көп жыл болды екеуі,
Сонан бері жоқтыр жаным хабары.
—Жаратушы жанның бәрін ие бар,
Сіз де, ана, деді маған құлақ сал.
Үшбу сөзім кеуіліңе ұнай ма,
Қарамайтын жан екен бұлар ырайға.
Жалғыз бала атасын іздеп табады,
Болмаса солай Алладан бала тілей ме?!
Артық пенен көрем мен де кемімді,
Сілтеп бердің ризамын жөнімді.
Жаным ана, қапа болма бұл іске,
Іздеп табам атам менен елімді.
Күләйім сол жауап қатты балаға,
Есіңе ал деп шырақ мұны жана да.
«Артық пенен көз салып тұрмын кеміне,
Раушанбекті жүргізбей бұлар жөніне,
Көрұғлы ұстап ақырында өзләрін,
Көрсетпеді басқан кейін ізләрін.
Бұл мейірімсіз қызылбастар, а Құдай,
Әкеңнің сол ойған екі көзләрін.
Тыңдап тұршы бұл сөзімді шамалы,
Көптен бері жоқ деп едім ғой хабары.
Қамқұн болған Раушанбектей әкеңнің,
Іште кетті көрген қайғы сапары».
Көрұғлы ақылы толған көктейді,
Не бір күндер, пендеден енді өтпейді.
Себеп пенен ақырында жеткен ұл
Ағалар, ойлаңызшы, не істейді?
—Мұның үшін қамқұн болма, жан ана,
Сірә, бәрі өліге өмір кетпейді.
Есен болсам елде еркін жүрермін,
Тірі болсам атамды анық көрермін.
Өмір берсе Жаратушы жалғыз Хақ,
Қайта айналып бұл шәһәргә келермін.

Тағы оқыңыз