Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Көрұғлының қызылбас Қалдарханның баласы Раханмен соғысы (4-бөлім)

Көрұғлы · Е. Есенжолов нұсқасы · 2 мин оқу

Ақбілек пен Бозұғлан
Мекен еткен неше жыл
Күйген таудың басында,
Көрұғлы ермек қасында.
Шаттықпенен жатады
Біраз уақыт осында.
Жан аямас Бозұғлан
Бұл уақытта тигеннен,
Жаннан қайтпас жүрегі
Қайратына сенгеннен.
Көрұғлы ермек қылсын деп,
Аң қумаққа Күйгеннен,
Бозұғлан ер қойып тұр
Көрұғлыдан жан аяуды.
Алыс емес аңдысқан
Дұшпан мұның таяулы.
Келе жатыр сандалып
Кербиеге қос артқан,
Батырдың көзі көреді
Қырық бір жүрген жаяуды.

Көргеннен соң Бозұғлан
Үйіне қайтып шабады.
Астындағы Қараны
Екі жақтап сабады.
Мекен еткен жайына
Көңілі қатты шошынып
Шабуыл қойып барады.

Сөйледі келіп Бозұғлан:
«Ай, шырағым, қайдасың?
Қырық бір дұшпан мен көрдім,
Жүрегім қатты сескенді,
Сен таппасаң айласын.
Қараға мініп қарсы бар,
Қару-жарақ асып ал,
Алдыңда жауың жайрасын.
Ғарып болған нағашың
Батыр туған ерінің
Көреді қашан пайдасын?!
Атқа мінсең, бағланым,
Жүз мың дұшпан болса да,
Маған аян қоймасың.
Дұғада мен болайын,
Кәміл пірлер қолдасын.
Бес қаруды іл бойыңа,
Қолыңа алған ақ сүңгі,
Шанышқанда қанға тоймасын.
Аспаһанды іл беліңе,
Келді дұшпан көріне.
Шарайна, білдік, дулыға
Ілші бір оны иніңе.
Тырнақ алды сапарың,
Бір Құдайға тапсырдым,
Жауды қоспа үйіріне,
Кеудеден жанын айырып,
Таянт қолын бүйіріне!».

Түрегеліп Көрұғлы
Қаруды алды қолына,
Түспекке жаудың соңына.
Оңар емес бұл күнде
Келсе дұшпан маңына.
Қараға мінді арыстан,
Несібесін тілеген,
Құрсақта жатып алыстан.
Баруға бетін түзер тұр
Жолдас алмай соңына.
Көрұғлы сонда сөйлейді:
«Бозұғландай нағашым,
Қарудың айтқын жайларын,
Әр тарап бұл күнде
Болуда тұр ойларым.
Жүз мың дұшпан болса да
Білмейсің бе, тағам-ау,
Сұлтаныңның жайларын!
Тірі болсақ, көрерміз
Қызылбас пен қалмақтың
Неше түрлі «тойларын»».

Бозұғлан тұрып сөйлейді:
«Сақтасын Құдай жат жаннан,
Бұйрығымен Алланың
Кәләм түсті аспаннан.
Мынау садақ қалыпты
Рүстем мен Дастаннан,
Ер жігіттің көп болар
Жау ішінде қайласы,
Көпке тиер пайдасы.
Ибраһим мен Халелден
Қалған мынау найзасы.
Сұраған соң, шырағым,
Баян етпек дұрыс-ты.
Онан былай асқан соң,
Істерсің, қалқам, жүрісті.
Бабаң өткен ер Дәуіт
Саған кеткен қалдырып,
Сауыт пенен қылышты».
Көрұғлы батыр қуанды,
Есітті мұны сүйініп.
Жау дегенде талпынды
Аш бүркіттей түйіліп.
Бес қаруды асынып,
Сауытты алды киініп.
Баруға бетті түзеп тұр
Сансыз дұшпан болса да,
Қамайын деп иіріп.
Бозұғлан сонда сөйлейді:
«Сымбатыңа-ай, шырағым,
Дұшпандар тұр қарасып,
Шыққан жоқ ең далаға
Кете көрме адасып!
Шеңгеліңнен құтылмас,
Келген жаулар сабасып.
Құтты болсын, сұлтаным,
Бес қаруың бәрі де,
Тұр бойыңа жарасып.
Бозұғлан тағы сөйлейді:
Бағланым жауға жөнелді,
Бұл дүниенің сардары.
Бітіп қайтсын бұл жолда
Жалғызымның арманы.
Сұлтаным қашан келгенше
Осы орында қозғалмай,
Нағашыңның тұрғаны.
Жауымды жаулап беретін,
Сенсің, жаным, қорғаны.
Жолдасың жоқ қасыңда,
Ғайыптан қолға түсіріп,
Кетпесес жауың болғаны.
Ақбілекпен екеуміз,
Шүкіраналық етіп ек,
Назарын пәс қып қайтарма,
Маған бергін бір тілек.
Біздер аз дүр, көп дүр кәпір,
Салар қозым заман ақыр,
Сұлтаныма бергін медет,
Ғұмар, Ғұсман, Әбубәкір!..»

Көрұғлы

Барлығы: 133 жыр

Тағы оқыңыз