Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Көрұғлы (7-бөлім)

Көрұғлы · Ә. Жүргенбаев нұсқасы · 2 мин оқу

Әңгіменің білген ерге халалы,
Екі көзін Раушанбек ойғызып,
Кәждекемнің айтқан сонда азалы:
—Қайтқаныма шыны менен ырай-ау,
Жұмысымыздың оң болмады сылай-ау,
Алла деген бір пенде еді Раушанбек,
Не пиғылынан тапты, Құдай-ау!
Не пиғылынан Раушанбектің тапқаны,
Елдің тұзын ер ед сондай ақтады.
Қадір мәулен не жазығы бар еді,
Ерте түсті ажалдың бұған қақпаны.
Қор қылдың ба Раушанбектің өзләрін,
Келтіртті хақ болса дакезләрін.
Қадір Мәулен не пиғылынан тапты бұл,
Ойғызғандай екі қара көзләрін?!
Қайғы, сана, салдың бізгә уайым,
Қалай қылып бұл қорлыққа шыдайын.
Еліне қамқу болған жан еді,
Қайтардың-ау бұл ғарыптың райын.
Бұл қалпы мен ертіп барсам мен үйге,
Қамқұн болған қайғыратын болды-ау Күләйім.
Әңгіменің айтылып түгел халалы,
Тиді бұған қызылбас иттің залалы.
Раушанбегін күн батқан соң жетелеп,
Үйіне сол Кәждем енді барады.
Екі көзі үңірейіп қалған індей боп,
Қалғаннан соң жарық күні түндей боп,
Барғаннан соң Күләйім оны көреді,
Бермепті-ау деп жаратқан әділ төрені.
Раушанбектің екі көзін көргенде
Сенді шалқып тұрған оның жүрегі.
Қызылбастың тиген екен азары,
Қайтіп кегін бұл екеуі алады?!
Раушанбектің екі көзін көрген соң,
Күләйімнің айтып жатқан азалы:
—Сақтық пенен ертелі кеш отыр ек,
Киіміменен жеткерді-ау деп баланы.
Қайтқаныма шыныменен ырай-ай,
Шын арыстан, раушан еді-ау нұбай-ай.
Алла деген бір жан еді бұл ғаріп,
Не пиғылынан тапқаны шын, Құдай-ай!
Көңілімнің кетпей қалды сайғаны,
Қандай жерден болмақ енді жайлары.
Кісі елінде басыңды бағып тек жүрмей,
Жан алдату керек зат па еді қызылбас иттің тайлары.
Ердің келмес кісі елінде күлкісі,
Көп жинаған қызығы жоқ мүлкісі.
Кісі елінде басыңды саға айламай,
Жамандатып кетер деп пе ең қызылбас иттің жылқысы?
Қанды аралас төкті көзден жасыңды,
Енді көңілің қайтып, жаным, ашылды?!
Кісі елінде сыншылықты қайтесің,
Босқа бағып жүрмей, шырағым, басыңды?!
Кеше көрген қиындықты өтіңдер,
Тіршілікте мақсұтыңа жетіңдер,
Ахыр бір күн ит пен құсқа жем қылар,
Туған елге екі бекзат кетіңдер.
Бұл сияқты көрдің құстың сен,
Ит пен құстың тастар бір күн жеміне.
Қариялардың айтқан сөзі қате емес,
Ерді туған, итті тойған жеріне.
Раушан айтты «айтса анам ақылды,
Кім айтады бұл болмаса ақылды»,
Ақылы дана асып туған Күләйім,
Айтқан сөзі бәрі сондай мақұл-ды.
Жаратушы жанның бәрі бұйрығы
Босқа жылап отырмайық деді бұлар.
Таң атқан соң өтінішім, Қаждеке,
Базар жаққа деді-ау мені ертіп бар.
Ұйқы қызығын көре тұғын көзім жоқ,
Бақтымызға кездеседі деді қандай мал.
Құлағыммен дүбірін тыңдап көрейін,
Кетпейтұғын бұл жұмыстан деді хал.
Бөтен жақтан болмады титтай хабары,
Қор қылған соң Раушанбектей дананы.
Тыңдаған соң айтқан сөзін Кәждембек
Барлығын да енді қабыл алады.
Таң атқан соң Раушанбегін жетелеп,
Базар жаққа Кәждем кетіп барады,
Келе жатыр қамқұн болып қабағы,
Жауатұғын күндей болып қабағы.
Баста сәлде, қолда аса, астында жалбыр, тор ат бар,
«Иһу» салып диуана өтіп барады.

Көрұғлы

Барлығы: 133 жыр

Тағы оқыңыз