Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Көрұғлының қызылбас Қалдарханның баласы Раханмен соғысы (1-бөлім)

Көрұғлы · Е. Есенжолов нұсқасы · 2 мин оқу

Біраз уақыт өткен соң,
Алтыншаш бір күн ауырды,
Бозұғландай сол шақта
Шақырып алды бауырды...
Бозұғланға айтпаққа
Кірді қиял есіне,
Сол шағында баян қып
Кіріп еді Қырық шілтен
Сол күні мұның түсіне.
«Алла салды, дариға,
Ғәзиз басқа, нетермін?
Көргенім өтірік болмаса,
Ертеңгі күн бесінде
Дүниеден өтермін...
Аһ, дариға, арманда
Көңілім кетті тына алмай,
Бұл аурудан жазылып,
Белімді бекем буа алмай.
Кеткенім бе іштегі
Шырағымды көре алмай?!

Өзімменен ішімде
Бірге кетті арыстан.
Текежәуміт халқына
Болса керек данышпан.
Құрсағымда тілеген
Несібесін алыстан.
Атқа мініп ер жетер
Маңына келмес еш дұшпан.
Бір айдан соң табармын,
Ұмытып кетпей, шырағым,
Ашып ал көрді, Бозұғлан!»
Бозұғланға мұны айтып,
Жұмды көзін Алтыншаш.
Құдіретіне Алланың
Тағдыр жетіп қойды бас.
Жаназа оқып жиылып,
Апарып қойды қабірге
Ағайын, қауымы қарындас.

Рақым етіп Құдайым,
Көр ішінде туғызып,
Жан беріп оны тербетті,
Ғаусыл, ағзам, Қырық шілтен
Іштірді қолдан шәрбатты.
Сүт шығып ана төсінен
Біріне-бірін емірентті.
Төстен бұлақ ағызып,
Көрұғлына жағызып,
Бірнеше уақыт жыл өтті.
Жеті жасқа келгенше,
Үйретіп әрбір ғылымды,
Атқарды бастан міндетті.
Моладан шығып жүретін
Көрұғлы ерге күн жетті.
Талаптары көңілінде,
Көрұғлы сыймайды.
Далаға шықпай тұруға
Еш тақаты болмайды.
Дүйсенбі күн тал түсте
Моладан шығып ерігіп,
Жалғыз өзі желігіп,
Жүгіріп жүріп ойнайды.
Бұл уақытта бала ғой,
Жалғыз ойын керегі.
Көрінгенге ұмтылып,
Талпынады жүрегі.
Айы, күні, мұңы жоқ,
Емшектен басқа керегі.
Жәмбілбелдің шәрі деп,
Топырақ, тасты қорған қып
Тілеген мынау тілегі:

«Қазір Алла айтқанымды хош көрсе,
Бәрін маған дүнияның бос берсе.
Аға сұлтан, патша болсам түрікменге,
Ұзақ ғұмып жүз жиырма жыл бас берсе.

Жұртты жинап ақсақалдан бата алсам,
Молда жиып ғалымдардан хат алсам.
Аға сұлтан, патша болсам түрікменге,
Өзім жиһанкез Көрұғлыбек атансам.

Сұр бұлтпен аспандағы ойнасам,
Дұшпандарды бір шыбықпен айдасам.
Атса мылтық өтпейтұғын ер болсам,
Жүз мың жауды айдаһардай жалмасам.

Бір Құдайдан мен тілеймін үмітті,
Дарбазаға соқтырсам болат кілітті.
Өзім жиһанкездей Көрұғлыдай ер болып,
Қасыма ертсем қырық бір атты жігітті.

Қасыма ертсем не жиһанкез балуанды,
Талап қылып мен жауласам жауларды.
Қырық бір жігіт қастарымда бір болса,
Құлатар ем асқар ала тауларды.

Белге байлап аспаһандай болатты,
Көкке ұшырып мінсем сонда Ғиратты.
Ел-жұртыма он екіде хан болсам,
Өлгенімше жағып өтсем шырақты!..

Мен бір өтсем қатарыммен, теңіммен,
Болсам батыр дұшпан жүрмес шенімнен.
Перзент тумас перизаттан қатын бер,
Оймақ ауыз, құралай көз періден.
Көрұғлының шілтен болып достары,
Перизаттың қалам болса қастары.
Перзент тумас қатын алсам бір сұлу,
Болса дәйім оның он төрт жастары.

Пері нұры аспанменен таласпас,
Айтар сөзден Көрұғлыбек адаспас.
Күнде қыздай перизаттан қатын бер,
Бала тапқан қатын ерге жараспас.

Жәмбілбелге соқтырсам алтын шынарды,
Асқар таудай көрінсе биік мұнары.
Әр діңгекке жүзден атты байлатсам,
Бәрі бірдей мойнында алтын тұмары.

Көрұғлы

Барлығы: 133 жыр

Тағы оқыңыз