Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Көрұғлы (6-бөлім)

Көрұғлы · Ә. Жүргенбаев нұсқасы · 2 мин оқу

«Кісі елінде сыншылық балам етпе», деп,
Және әкесінің сөзін тартып ойлады.
Басын шайқап, жасын төгіп көзінен,
Балаларша бармағын тістеп шайнады.
Әңгіменің айтылғанмен халалы,
Осы иттің тиед деп ақыр залалы.
Жүз елудей наз бедеуі бар еді бағылған,
Сарайына Раушанбек барады.
Не істерін ойлап қайдан біледі,
Дүрс-дүрс соғып келе жатыр жүрегі.
Падишаның өмірін екі етпес,
Сарайына бесінде келіп енеді.
Келсе тұрған тұлпарлар екен бекініп,
Келе жатқан сәби еді ғой өкініп.
Тістеп, теуіп жан жүргізбей маңынан,
Тұрған бәрі енді мұның секіріп.
Ат жақпады көрген менен табынан,
Кінә тауып болар ма патша малынан.
Көргенменен ат жақпады сұлтанға,
Сұр мен шағыр екі аттың сипап жалынан.
Мұны көріп шыға келді далаға,
Тәңірі жәрдем болмаса мұндай балаға.
Таудай ердің қайт боп қалған талабы,
Енді жүрсе, көрерсіздер қараны.
Баста сәлде, қолда аса, астында жазық торы ат бар,
Бір диуана «иһу» салып барады.
Диуана өзі мінген жалбыр торыға
Раушанбектің түсіп кетті назары.
Түсірмеген екен мұның бабында,
Ашпай жүрген диуана екен бағында.
Бөтен жақтан болмайды екен алаңы,
Әр жерден де жылқы екен бар хабары.
Шаадатқа көп кешікпей Раушанбек
Беріп жатқан барып енді жауабы.
—«Көріп келдім, барып тақсыр, атыңды
Ішінде жоқ ұзылы титтей татымды.
Сұр мен шағыр екі ат көрдім ішінде,
Алда қашық емен жақын жерге тартымды.
Көргенді айтпай енді қайтып тұрайын,
Шындық айтпай қайтып, тақсыр, шыдайын?»
Бір диуана мініп барады жалбыр торыны,
Падишалық құзырыңа лайық.
Тоқсан ғасыр ел болған соң өткендей,
Ойланбаса машахат және шеккендей.
Жау қолында қала қойсаң бір бұрыс,
Қашсаң әгәр, жылқы екен құтқарып кеткендей.
Өз қолыңнан дұшпан қашса шағылып,
Қуа қойсаң көп ұзатпай жеткендей.
Бұл сөзіме, ей Шаадат, құлақ сал,
Сізге тағы айтып тұрмын сөзді дәл.
Сұр мен шағыр екі атыңыз ішінде,
Жүз елуін берсең де соны сатып ал.
Мен айтпаймын өлтірсең де өсекті,
Тақсыр, сіз де білесіз ғой есепті.
Жем мен шөпке сорыға өңшең қайтесің,
Түбірі шықпас салып өңшең есекті.
Қаһарланып Шаадатхан ақырды,
Мирахорын кел деп жылдам шақырды.
Алдарына шақырып алып бұларды,
Жандарына айтып қатты батырды.
—Көрдіңдер ме иттің маған ізләрін,
Келтіріңдер басына мұның кезләрін,
Дұшпандығын көрмейсің бе залымның,
Ойыңыз деді апарып тысқа көзләрін!?
Маған мұның айтқан сөзі жақпады,
Еш сөзінен береке мұның таппады,
Дұшпандығын көрмейсің бе залымның,
Бір диуананың бір есегін маған мақтады.
Жүз елудей наз бедеудің қасында,
Диуана мінген бір есек те ат па еді?!
Басқа жақтан болмайды титтей алаңы,
Қор қылуға айналды мұндай баланы.
Падишаның әмірі екі бола ма,
Раушанбекті тысқа алып барады.
Зар еңіреп келе жатыр Раушанбек,
Кәждембек те бірге жүрді жаңағы.
Жапан жүзге алып барып мирахор,
Раушанбектің екі көзін ойып алады.
Жарық күні қалдау мұның түндей боп,
Үңірейіп қалды екі көзі індей боп.
Жігіт еді екеуі де аталас,
Көзінен сол, төгілді жерге қанды жас.

Көрұғлы

Барлығы: 133 жыр

Тағы оқыңыз