Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Көрұғлы (22-бөлім)

Көрұғлы · Ә. Жүргенбаев нұсқасы · 2 мин оқу

Соққан менен не қылмақты жүрегім,
Оң болмаған жаста болсам тілегім.
Жазуына Хақтың қандай айлам бар,
Хайыр хош бол, ғарасатта көрермін.
Я, Құдайым, зарлап келдім атадан,
Айтқызбасын сөзімді Алла қатадан.
Алла жазса ғарасатта көрерміз,
Хайыр хош бол, нағылайын, атажан?
Еткен менен болар ма екен ел билеп,
Қоялар ма жас сәбиге бұлар кек.
Барлығы да сөзін тыңдап сәбидің,
Тұс-тұсынан қамап тұрды еңіреп.
Қамқұн басты саналарды күткенде,
Қазылғандай болды бұған төңірек.
Көңілінің болмай тіпті алаңы,
Ешкімнің де тимес бұған залалы.
Кәждембектей тағасы тұр ішінде
Көрұғлыдай артық туған баланың.
Күні-түні пәруана боп басына,
Жас сәбиді енді бұлар бағады.
Таудай еркін ойлап тұрсаң тағында,
Тәңір берген кім алады бағында.
Жүре берді боз биесін бағумен,
Әкесінің салып кеткен бағында.
Тым қадірлі ойлап тұрсаң ер еді,
Нақ сандықты шынжырға салып егеді.
Райхан араб деген патша бар еді,
Бір күндері жолы түсіп келеді.
Райханда көк қасқадай тұлпар бар,
Назары түсіп көкқасқаны көреді.
Кеулі кетті көкқасқаға Көрұғлы,
Көп кешікпей Райханға келеді.
Ізетпенен келіп еді жас сәби,
Қолын алып бұған сәлем береді.
«Көңілдегі кесірлерім басылды,
Білесіз ғой Көрұғлы деген атымды.
Әкем өліп қамқұн болып жүр едім,
Кеулім көріп атыңызды шатылды.
Көрмей сыншы мені тақсыр Көрұғлы
Бір шаптыршы биеме қасқа атыңды».
Райхан айтты: «Әй, соқтыма, бала жүрегің,
Маған қояр осы ма сенің тілегің.
Әркімнің де мақсұты бар ойында,
Істесең айтып, енді саған беремін.
Бір шаптырып боз биеге берейін,
Баршагүлдің бір ұстатшы білегін.
Атты көріп қашты сонда ақылы,
Ұрынбайма ер деген сол шатылды.
Көкқасқаға кеулі кетіп Көрұғлы
Қолын соқты деді түсті мақұлға.
Үзбей тұрған ойласаңыз күдерді,
Атан үзер деген бар ғой шідерді.
Жас баланы алдаймын деп Райхан,
Көкқасқаны түсті де салып жіберді.
Боз биенің сүйегін анық таныды,
Не біледі батыр адам алыбы.
Жіберген соң Бозбиені көк қасқа
Кешікпестен келіп енді жаныды.
Таудай ердің көрдіңдер ме талабы,
Алдайын деп тұр екен кәпір баланы.
Шапқанында Бозбиеге көкқасқа,
Шылбырынан кейін тартып қалады.
Қариялардың айтып кеткен мысалы,
Жаста болса Райханды ұстады.
Тақиясын жұлып алып Көрұғлы,
Қолыменен енді барып тосады.
Көрдіңдер ме асты ердің зияны,
Қашқанменен арамдық қой қиялы.
Тақиясын тостыдағы Көрұғлы,
Қолыменен боз биеге құяды.
Келтірген соң байқатқан соң наштарын
Қамқұн болған қорғай алмай бастарын.
Көкқасқаның сідігі енді.................
.................................................
Соққан оның көрді алып жүрегін,
Жалған айтсам деді сөзден өлемін.
Мақұл дедім ат сідігіне қызығып,
Анам бетін деді қайтып көремін.
Бұл дүниеде құрсын менің жүргенім,
Бүйтіп өмір не болмақшы сүргенім.
Ат сідігіне айырбастап анамды,
Бүйткенімше жақсы емес пе еді өлгенім?!
Оңға айналса болар еді-ау не істерім,
Ғапылдықтың жаңа білдім өткенін.
Ат сідігіне анамды айырбастаппын,
Қайтып көрем анамның енді беттерін.

Тағы оқыңыз