Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Асанқайғы (Ілияс Ысқақов нұсқасы) (33-бөлім)

Аңыздық жырлар · Ілияс Ысқақов нұсқасы · 2 мин оқу

Түңлік өзеніне келгенде:

—Он екі тұтам қазылық ой Түңілік,
Жағасы маңырап жатқан қой түңілік.
Құлағы тұтам қарыс шығып тұрған,
Ені тар ұзын аққан бой Түңілік.

Қызыл тауға келгенде:

Басына Қызыл таудың шықты барып,
Қарады алды-артына көзін салып.
—Тоқты қысыр қалмайтын бір жер екен,
Тау-тасы қой боп жатқан ыңыранып.
Жақсылықта шыбар жері көк баялыш,
Жамандықта шұбайтұғын көк баялыш.
Сені желкем шұқыры көрсін дейтін,
Жер екен уай гуарыш, уай гуарыш!

Алатауға келгенде:

—Түні суық, күні ыстық жер даласы,
Ананың емшегіндей сай-саласы.
Төрт елі топырақ асты алтын екен,
Ішпей-жемей тоятын айналасы.

Алатауды бөктерлеп қайтпаққа бет алғанда жолдастары Асанға: «Алатаудың шығыс жағынан тараған жеті өзенге бармайсыз ба?»—дегенде, Асан: «Қалмақ пен қазақ тыныштықпен отыра алмайтын жері ғой және ол өзендердің өзіне барып жеткенше тыныштықпен барып жете алмайды ғой»,—депті.

Қарқаралыға келгенде:

—Қалқайған қарқаралы қайранды тау,
Мекен қылған ел көрер пайдаңды тау.
Ешқайда сені тастап бармас едім,
Сені бірақ алады-ау кәпірлер жау.

Кент бұқтыға келгенде:

—Мынау тұрған қарағай, тау Кенті екен,
Еліне жегізетін май, женті екен.
Қазанға салған қақпақ, желі тоқпақ,
Түп-түгел шаруаның кенті екен.

Абыралы-Жалаулыға келгенде:

—Мынау ма Абыралы-Жалаулы тау,
Сары қиы сарыағаштай қалаулы тау,
Жерінің мүк, жусаны асыл екен,
Бір түбі бір тоқтыға балаулы тау.

Шөлге:

—Құйрығы жоқ, жалы жоқ құлан жүрер,
Аяғы жоқ, қолы жоқ жылан жүрер.
Ыстық пенен суыққа шыдайтұғын
Күндіз-түні бел шешпес ұлан жүрер.

Үшқарадан өткенде:

Тоқтамай Қызыл тауға аттаныпты,
Үшқара деген жерге тақалыпты.
Артына үш бұрылып қарағаннан,
«Үшқара» деп үш биік аталыпты.

Шілікті көргенде:

Үш қақпасы бар екен, төртіншісі болғанда,
Жатқа бермес жер екен.

Сулы Келесті көргенде:

—Сиыр тұқымы үзілмейтін жер екен.

Жиделі-байсынға келгенде:

Сонан кейін Жиделі-байсын жаққа,
—Қонысқа жайлы шүйгін бастамаққа.
Сарыарқаны түбінде орыс алар,—
Деп ойланып кетпекке бір жыраққа.
Қысқы өріс, жайлауға қонысы кең,
Қағусыз ен далаға апармаққа.
Үш жылдай малды ту қып балалатпай,
Болмасын деп Бөгеті көшкен шақта.
Сондағы ұнап қайтқан жері екен сол,
Тоқтапты қозы маңырақ, қой маңыраққа.

Аңыздық жырлар

Барлығы: 81 аңыз

Тағы оқыңыз