Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Асанқайғы (Ілияс Ысқақов нұсқасы) (22-бөлім)

Аңыздық жырлар · Ілияс Ысқақов нұсқасы · 3 мин оқу

Іздесе ел соңынан жеткен шығар,
Білдірмей бір айласын еткен шығар.
Байласқан ғашық болып сөзі болса,
Бануды алып жеріне кеткен шығар.

Асанды өз еліне іздеп барсын,
Мекенін Сыр бойынан тауып алсын.
Жер жөнін білетұғын және таныс,
Бәріне мына Қален басшы болсын.

Қален айтты:—Ерінбей мен барамын,
Күндіз-түні жүрсем де жол табамын.
Бірақ менің сіздерге айтатыным,
Қаупі көп қорқынышты екі араның.

Алыс жол жаугершілік жүре алмайды,
Аз адам көпке қайрат қыла алмайды.
Сырға шейін барлығы Үйсін елі,
Кімнің қас, кімнің досын біле алмайды.

Айтамын мен де ойымды сол себепті,
Сейіп отыр ішіне сақтап кекті.
Аз дегенде бірер жүз кісі керек,
Қыс ішінде жөн демеймін іздемекті.

Мынау сөз де көрінді көпке мақұл,
Іздемекке далбаса бір бос тақыл.
Әр нәрсенің жобасын білгендейсің,
Басқа жөнмен іздейтін бар ма ақыл.

Бастаған кісі емеспін бұрын көшті,
Ағалар, маған салма ауыр істі.
Ақылым менің көптен артық емес,
Өйтсе де бір әңгіме ойға түсті.

Біз Құлшығаш қоңырат руынан,
Дос та емес ек үйсінге бұрынғыдан.
Аяғында залалы шалға тиді,
Шеткері ел ішінен тұруынан.

Үйсіннің асып кетті өктем ісі,
Кек алуға жетпейді шалдың күші.
Дейтұғын Күлік, Түмен бәйбішенің
Бірге туған бар еді екі інісі.

О дағы қоңыраттың бір табынан,
Жасқанып қорыққан емес жау жағынан.
Абыройлы, айдынды, өзі батыр,
Қылышын суырғанда қынабынан.

Жайлаған Шудың бойын қара көсе,
Дұшпаннан кегін алған әлденеше.
Жанын аяп мұндайдан тұрған емес,
Намыскер жібермейтін жатқа есе.
Желекті найза қолда, садақ белде,
Жайнайтын оттай көзі жауын көрсе.
Менің айтқан сөзімді жөн көрсеңдер,
Алды-артын ақыл-оймен теңгерсеңдер.
Жанкүйер ең жақыны мына шалдың:
Күлік батыр, Түменге жіберсеңдер.

Қабылдап Қален сөзін көп тұрады,
Кемпір-шал қуанғаннан қатты ұнады.
Бір жігітті мінгізіп мықты атқа,
Күлікті тез келсін деп шақырады.

Дейтұғын пысық жігіт Қайыпберген,
Жері таныс өзіне талай көрген.
Бұрында Жаманқұлдың қолқанаты,
Шаруасына әлденеше барып келген.

Асығып күндіз-түні дамыл алмай,
Бір мезгіл белін шешіп ұйықтай алмай.
Ат көшінен он күнде зорға жетті,
Ер екен, қайратпенен жүріп талмай.

Білген соң сұрастырып ауыл жөнін,
Күлік те білетұғын мұның тегін.
Ел жайынан әңгіме айтып отыр,
Келтіретін жігіт ед сөздің ебін.

Әуелі кемпір-шалдың амандығын,
Шаруа малы баяғыдай тамамдығын.
Е дегеннен шошытып айтпайын деп,
Іркіп отыр елден көрген жамандығын.

Бір хабар алмасаңыз мұнан бұрын,
Болмайды жасыруға сөздің сырын.
Өткен жылдың жазында елімізде
Айтайын бір уақиға болғандығын.

Бануды сұрап Сейіп барғандығын,
Құдалыққа жаушыны салғандығын.
Бермекке Құлшығаш боп ұйғарса да,
Жаманқұл ырық бермей қалғандығын.
«Қыз бермесе жеріменен өтпесін» деп,
Жылқысын Жаманқұлдың алғандығын.
Елі өкпелеп айырылып кеткеннен соң,
Жалғыз шал шыдай алмай талғандығын.

Бануды қорыққан соң бергендігін,
Үйсіннен сондай қорлық көргендігін.
Жас шағы емес, көмек жоқ қарсы тұрар,
Еріксіз бейшараның көнгендігін.

Мал айдап қалыңмал деп топ-тобымен,
Бануды аламыз деп келгендігін.
Болжаған істің артын біреуі жоқ,
Көрсетіп жүр мақтанға сенгендігін.

Гүлбану өз жұмысын бітірген соң,
Жер соғып аяғында сенделген соң,
Келгенде осы араға бөгелектеп,
Міңгірлеп, төмен қарап бүгежектеп.

Батырға тура айтуға бата алмады,
Ашу кернеп кете ме деп көңілі кек деп.
Батыр отыр аудармай көзін тіктеп,
Үй-іші тыңдап отыр болып етпек.

Тағы оқыңыз