Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қисса Нәрікбай-Шора (7-бөлім)

Шора · Майкөт—Ә. Сариев нұсқасы · 3 мин оқу

Қарахан байқап, тіке бара сала-ақ тамаларды шабатұғын көрінеді деп, хан Әлібидің түп етегінен ұстап алып айтты: «Ей, Әліби, ашуыңызды басыңыз. Мен таманы не қыл десең де ұстап берейін, әшейін сізді бір ашуландырайын деп едім». Қарахан бұлайша айтқан соң, ашуын басып отырды. «Ұрғанның атын алып берейін»,—дейді. Сонда Қарахан: «Атын алып берейін, ләкін бас салып, тарс қойып алғаным жарай ма деп, бір Құдайдан, екінші әруақтан, үшінші ел, халайықтан ұят деп ойлаймын»,—дейді.

Әліби айтты: «Әр нәрсе қылып, алып бергенің керек»,— деді. Сонда Қарахан: «Бір айла қылып, алып берейін,—деді, сіз жұртқа сауын айтып, үлкен жиылыс той қылыңыз. Тоғыз күнге дейін той қылып тамаларды шақырмай тұрып, ақырғы күні тамаға кісі жіберіп шақыртыңыз. Тоғыз саба толтырып тойға келсін қымызбенен деңіз. Қанша үлкен болғанмен бір күнде тоғыз сабаны толтыра алмайды. Тоғыз саба қымызды толтыра алмаған соң, өзі қорынып келе алмайды. Қоңсы шақырылған тойға келмеген соң мен үкім қылып, шақырған тойға келмедің деп айыпқа атын алып беремін»,—деді.

—Құп, мақұл болады,—деп, Әліби үйіне келіп, «Үлкен жиылыс той қыламын, тоғыз күнге дейін»,—деп, жұртқа хабар салды. Ендігі сөзді ханзада Қарахан баладан естіңіз. Қарахан бала бір күн, бір түн басын таққа қойып, зар жылап ас ішпей: «Әуелі Құдай, екінші атамның әруағына келген бір бейшараны Әлібидің осылайша қылып жүргені менің жастығым, нашар болғандығым ғой»,—деп жатып алды. Сонда баланың ойлап тапқаны: Қаратиын деген бір жақсы Айдарханнан қалған дана уәзірі бар еді, әулие адам еді. Қаратиын деген басқа халықтан сіңген еді, мұны Қаратиын бекеуіл дер еді. Ол кісі Айдархан дүниеден өткеннен кейін, келмей жатып алып еді, сол уақытында қырық қақпалы шәһәрінің он қақпасының қаржы зекетін сол бекеуіл жер еді. Дарқал баланың ойына сол кісі түсіп кісі жіберіп еді, келмеді. Екінші кісі жіберіп еді, келмеді. Үшіншіде Қаратиынды жасауылдар айдап келді. Сонда баланың айтқан сөзі:

—Ассалаумағалейкум,
Қаратиын бекеуіл.
Танимысың баяғы,
Айдархандікі осы ауыл.
Бір шақырдым келмедің,
Шақырдым екі келмедің,
Сол пейіліңнен өзіңді
Айдап бір келді жасауыл.
Сен, сен едің, сен едің,
Сенің балаң мен едім.
Айдархан атам өлгенде,
Бір атам өлсе қайтейін,
Біреуі тірі деп едім.
Айдархан атам өлгенде
Қасыма менің келмедің,
Не жазығым бар еді.
Қырық қақпалы шәһәрімнің
Он қақпасын жер едің.
Әкемнен қалған несібе,
Өз пайдаңды жемедің.
Жерімді қарғын қаптады,
Оған бір тоған шабыңыз.
Елімді жалын қаптады,
Оған айла табыңыз.
Атадан қалған әруақ,
Қайтпақшы болды бағымыз.
Көрінбек болды, сор болды,
Халыққа берген нанымыз.
Бір мүшкіл туды басыма,
Мұсылман болсаң, наныңыз.
Бір жылан шапты торғайға,
Ажыратып сонан алыңыз.
Әліби шапты тамаға,
Ара түсіп барыңыз.
Әруағына атамның
Алыстан келген қоңсы еді,
Айырып соны алыңыз.
Айырып соны алмасаң,
Арам болды доңыздай,
Тырнақтап жиған малымыз.
Тәңрінің алды бір деді,
Төренің алды тең деді.
Таңда мақшар болғанда,
Қисабын қайдан табарсың?
Дулыға кидім ел үшін,
Қолғап кидім жең үшін.
Әркімдер келіп сенен күшті,
Адамда дәулет мал үшін,
Атамыз басын көп берген
Осындай келген ел үшін.
Қой дегенге қоймады,
Көп айтқанмен болмады,
Бұл таманы құртам деп,
Арамдықты ойлады.
Айуан түсті антұрған,
Өзі доңыз не білсін.
Менің атам Айдархан
Басын берген халық үшін.
Мен де сондай болсам деп,
Көп ойлаймын нарық үшін.
Жанашырым болса егер,
Құрта алмай жүрген Әліби,
Сірә да, мені не қылсын.
Қазаннан іздеп келіпті
Атамыздың дабысын.
Жан ашырым қайда бар,
Жақын қылар алысын,
Иттік қылды Әліби,
Бір қоңсыны ат үшін.
Амалың болса тап енді,
Тоғыз күнде таманы
Жылатпаққа тұр енді.
Ішім толды ызаға,
Ешкім шыдап тұра ма?
Сізге айтқан сөзім бұл,
Қыларың болса қыл енді.
Бекеуіл сонда сөйлейді:
—Қапа болма сен, балам,
Неге қапа боласың?
Патшазада сен, балам,
Анық қапа болсаңыз,
Бүгін түннің билігін,
Бүгін маған бер, балам.

Шора

Барлығы: 64 жыр

Тағы оқыңыз