Шәкәрім Құдайбердіұлы нақыл сөздері
Шәкәрім Құдайбердіұлы — қазақ ақыны, ойшыл-философ, тарихшы әрі ағартушы, Абай Құнанбайұлының інісі және шәкірті. Ар-ұждан, адалдық, ғылым мен еңбек туралы терең ойлы өлеңдер мен «Үш анық» атты философиялық еңбек жазды, қазақ шежіресін зерттеді. 1931 жылы қуғын-сүргін кезінде қаза тапты.
- Қазаққа сыншылық керек.
- Ей, көп халық, көп халық — көп те болса, шөп халық.
-
Ұры, қары, қу, сұмның жан жолдасы,
Қазақ қайтіп ел болар, қарағым-ау. - Халқыңа еңбек қыл, ақ жолдан айнымай арыңды сақта.
- Ел жеген жуанды сүйеген басшы оңбайды.
- Отаршы елдер ағызар әскер қанын, алмақ болып аз елдің жер мен малын.
-
Түзелер кезі жоқ,
Түзетер тезі жоқ.
Жер жүзі халқының
Қазақтан езі жоқ. -
Жер жүзі жабылғанда ғылым жаққа,
Қазақ жүр құмарланып құр атаққа. - Ел жеген әкімдерді ақтарым жоқ.
-
Өнері жоқ өсекші ел жамандар,
Өтірік пе, рас па — көрмей ішін. -
Көрінгенге көз сүзбей күнін көріп,
Қазақ қашан ел болар, құдайым-ай. - Менің елден басқа қайғым жоқ.
-
Бұл елдің күн көргені — өтірік ант,
Қазаққа алдау деген болды ғой салт. -
Ар қайда? Рахым қайда? Әдеп қайда?
Быт-шыт боп неге жүрміз әрбір сайда?
Көз жұмып «Көппен көрген ұлы той» деп,
Береді бұл надандық кімге пайда? -
Қой, жігіттер, күн болды ойланарлық
Білім, әдет, ақылды ойға аларлық.
Надандықтан еліріп босқа жүрсек,
Мына заман көрсетер бізге тарлық... - Адал еңбек еткен ел-жұрттың — көңілі шат.
-
Еріншектен салақтық,
Салақтықтан надандық
Бірінен-бірі туады,
Жоғалар сөйтіп адамдық. -
Мал да аяулы, жан да аяулы болса егер,
Малды аяма, жаның үшін малыңды сат!
Жан да аяулы, ар да аяулы болса егер,
Жанды аяма, арың үшін жанды сат! -
Еңбекке шыда, ебін тап та.
«Сабырдың түбі — сары алтын».
Өзімшіл болма, көпті ардақта,
Адамның бәрі — өз халқың. - Адамның адал ұлы болам десең, алдымен өзіңнің нәпсіңді жең.
-
Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса,
Өлген артық дүниені былғағаннан! -
Адалдың әділ жолына,
Ақырын басып жет, халық. -
«Бүлінгеннен бүлдіргі алма» деген,
Ел бұзылса, момын бол қоңыр қойдан. -
Ақылды сол — ынсап пен ар сақтайды,
Арсыз сол — арамдықпен жан сақтайды.
Адал сол — таза еңбекпен күнін көріп,
Жаны үшін адамшылық ар сатпайды. -
Мен қайғы жедім ғой,
Қапы өттім дедім ғой,
Қазағым, қам ойла,
Сен де адам едің ғой!
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы