Жер жүзі жабылғанда ғылым жаққа,
Қазақ жүр құмарланып құр атаққа.
Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы
Шәкәрім Құдайбердіұлы — қазақ ақыны, ойшыл-философ, тарихшы әрі ағартушы, Абай Құнанбайұлының інісі және шәкірті. Ар-ұждан, адалдық, ғылым мен еңбек туралы терең ойлы өлеңдер мен «Үш анық» атты философиялық еңбек жазды, қазақ шежіресін зерттеді. 1931 жылы қуғын-сүргін кезінде қаза тапты.
Шәкәрім Құдайбердіұлы: басқа нақыл сөздері
- Ей, көп халық, көп халық — көп те болса, шөп халық.
- Ұры, қары, қу, сұмның жан жолдасы, Қазақ қайтіп ел болар, қарағым-ау.
- Халқыңа еңбек қыл, ақ жолдан айнымай арыңды сақта.
- Ел жеген жуанды сүйеген басшы оңбайды.
- Отаршы елдер ағызар әскер қанын, алмақ болып аз елдің жер мен малын.
- Түзелер кезі жоқ, Түзетер тезі жоқ. Жер жүзі халқының Қазақтан езі жоқ.
- Ел жеген әкімдерді ақтарым жоқ.
- Өнері жоқ өсекші ел жамандар, Өтірік пе, рас па — көрмей ішін.
- Көрінгенге көз сүзбей күнін көріп, Қазақ қашан ел болар, құдайым-ай.
- Менің елден басқа қайғым жоқ.
- Бұл елдің күн көргені — өтірік ант, Қазаққа алдау деген болды ғой салт.
- Ар қайда? Рахым қайда? Әдеп қайда? Быт-шыт боп неге жүрміз әрбір сайда? Көз жұмып «Көппен көрген ұлы той» деп, Береді бұл надандық кімге пайда?
Ағартушылар мен Алаш зиялылары: басқа тұлғалар не деген
- Қазақ жырын еуропалық рапсодияға ұқсатуға болады.
- Мал, дәулеттің байлығы — Бір жұтасаң, жоқ болар. Оқымыстың байлығы — Еш жұтамақ жоқ болар.
- Керек іс бозбалаға — талаптылық, Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
- Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса — жұрт жұрт болып тіршілік құра алмақ емес.
- Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау.
- Қазақтың халық пайдасы деген іске шегініп тұратыны жаман.
- Туған ауылын, жерін сүймеген адам ұлтшыл да бола алмайды.
- Ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы