Төле би Әлібекұлы нақыл сөздері
Төле би Әлібекұлы — XVII–XVIII ғасырлардағы Ұлы жүздің атақты биі, мемлекет қайраткері. Тәуке хан тұсында «Жеті жарғы» заңдарын жасауға қатысқан деп саналады. Шешендігі мен әділ билігі арқылы ел бірлігін нығайтуға зор үлес қосты.
-
Аларды біліп, бермегеннен без,
Ел-жұрты қашып, ермегеннен без.
Үйіне қонақ қонбағаннан без,
Көптің айтқанына болмағаннан без! -
Жалғандай ойлап тұрсаң бірлік керек,
Бірлікті ойлаған соң тірлік керек.
Ағайынға ала көз бола қалсаң,
Аузыңнан несібеңді біреу жемек. - Бейбіт елде — сән бөлек, бүлінген елде — дау бөлек. Тұсау — ат сақтайды, ат — ер сақтайды, ер — жер сақтайды.
-
Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің баласы бол.
Бір елдің баласы болма,
Бар елдің данасы бол. -
Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім.
Ұқпасқа айтқан сөз жетім,
Көре алмаған көз жетім. -
Өзіңе-өзің кәміл бол,
Халқыңа әділ бол,
Жауыңа қатал бол,
Досыңа адал бол. -
Лауазымың өссе зорайып,
Адалдықты тұншықтырсаң сол айып.
Елді билеп өскеніңнен не пайда,
Рақатыңды көрмесе, ағайын мен халайық.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы