Қазыбек би Келдібекұлы нақыл сөздері
Қазыбек би Келдібекұлы — XVII–XVIII ғасырлардағы Орта жүздің атақты биі, «Қаз дауысты Қазыбек» атанған шешен. Төле би, Әйтеке билермен бірге ел ісіне араласып, қазақ жүздерінің бірлігін жақтады. Жоңғар шапқыншылығы кезінде елшілік қызметі мен шешендік сөздерімен танылды.
-
Ермен бірге ел азады,
Тағындағы хан азады,
Бабындағы би азады. - Өркенім өссін десең, кекшіл болма — кесапаты тиер еліңе; елім өссін десең, өршіл болма — өскеніңді өшірерсің.
- Басына іс түскен пақырға қастық қылма, қайғысы көшер басыңа. Бүгін сағы сынды деп, жақыныңды басынба!
-
Атадан жақсы ұл туса — елінің зары болады,
Атадан жаман ұл туса — адам біткеннің қоры болады. -
Ерден ердің несі артық — ептестірген сөзі артық,
Жерден жердің несі артық — бір-екі уыс шөбі артық. - Бірлігі кеткен ел жаман, егесіп өткен ер жаман.
-
Малдан — ел қымбат,
Елдегі ер қымбат,
Ерден — ар қымбат.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы