Бауыржан Момышұлы нақыл сөздері
Бауыржан Момышұлы — Ұлы Отан соғысының қаһарманы, әскери қолбасшы, жазушы. Мәскеу түбіндегі шайқастарда ерлігімен танылып, Кеңес Одағының Батыры (қайтыс болғаннан кейін) және Халық Қаһарманы атағын алды. «Ұшқан ұя», «Біздің семья» кітаптарының авторы.
- Ерлік — елдің қасиеті, жүректілік — жігіттің қасиеті.
- Ата-ана қадірін біле алмаған — халық қадірін біле алмас, халық қадірін білмеген — ата-ана қадірін біле алмас.
- Отбасының өнегесі — Отан өнегесі.
- Халықтық дәстүр — асыл мұра.
- Халықтық тәжірибе — бүгінге ғана емес, ертеңге де керек қазына.
-
Тәрбиелі — тәртіптің құлы,
Тәртіпті — елдің құлы. - Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген ел — құл болмайды.
- Отан үшін отқа түс — күймейсің.
- Бізде ер атасы — махаббат, өмір атасы — халық, ел намысы — ер қолында, ер намысы — ел қолында.
- Біз — намысты елдің ұлымыз. Жеңілмес күшіміз сонда.
- Ер істеді дегенше — ел істеді десеңші.
- Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет етуден тайсалма!
- Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін.
- Опасызда Отан жоқ.
- Отан от басынан басталады, демек, өз бесігің, өз үйің.
- Ел үшін аянба — ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба — жігіттігіңе сын.
- Ел бақыты ер қолында.
- Ел қадірін білмеген ер қадірін білмейді.
- Елсіз ер болмайды, жұртсыз жұрт болмайды.
-
Ежелден ел тілегі — ер тілегі,
Адал ұл ер боп туса — ел тілегі. - Парыз сезімі, адамгершілік — жеке басының, ұлттың, Отанның мақтанышы.
-
Атамекен жері үшін,
Қасиетті ел үшін
Болмай қалар кім батыр!
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы