Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ыбырай Алтынсарин нақыл сөздері

Ағартушылар мен Алаш зиялылары · 1841–1889 · 11 сөз

Ыбырай Алтынсарин — қазақтың ағартушысы, педагогы, жазушысы. Қазақ даласында алғашқы мектептер мен училищелер ашып, ана тілінде оқулықтар мен хрестоматия құрастырған. Балаларға арналған әңгімелері мен өлеңдері арқылы еңбекке, білімге, адамгершілікке баулыған.

Ыбырай Алтынсарин өлеңдері

  1. Құдай маған көмек етсе және дәрменім жетсе, мен азды-көпті қазақ халқына ғана пайдалы бола аламын, ал басқа ұлттарға, халықтарға, әрине, түк пайдам болмайды.
  2. Халық мектептері үшін ең керектісі — мұғалім. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да мұғалімге тең келе алмайды.
  3. Мал, дәулеттің байлығы —
    Бір жұтасаң, жоқ болар.
    Оқымыстың байлығы —
    Еш жұтамақ жоқ болар.
  4. Береке кеткен елдерде
    Күн қысқарса керек-ті.
  5. Азған елдің түбіне тақсыр жетер...
  6. Имансыз еткен жақсылықтың пайдасы жоқ. Мәселен, біреу намаз оқыса да, ол намаздың керектігіне көңілі сенбесе, әлбетте ол намаз болып табылмайды.
  7. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады.
  8. Қазақтарға — осы дарынды, ақыл-есі мол халыққа — кешікпей рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру, қалай дегенмен де аса қажет болып отыр.
  9. Қазақ халқы қарапайым, бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз.
  10. Қазақ халқы азбаған халық, оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сыя алмайды; оның ой-пікірі еркін; оның келешегі үшін оған тек сана-сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек болып отыр.
  11. Менің ойымша, көңілдің хошы, бақыт дегеннің бәрі де ата-бабаның өмір сүрген және жерленген жерінде, туған ошағыңның басында жақсырақ, ал қайғы дегеннің қандайы да, тіпті, ажалдың өзі де сол жерде жеңіл болатын сияқты...

Басқа тұлғалардың қанатты сөздері

Көне түркі дәуірі

Билер мен жыраулар

Ағартушылар мен Алаш зиялылары

XX ғасыр ғалымдары мен жазушылары