Мұқағали Мақатаев нақыл сөздері
Мұқағали Мақатаев — XX ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті ақыны. Отан, туған жер, махаббат пен адам тағдыры туралы лирикасымен халық жүрегіне жол тапты. «Райымбек! Райымбек!» поэмасының авторы, Данте мен Шекспир шығармаларын қазақ тіліне аударды.
-
Қазаққа мақтансын деп жер бермеген,
Жерінің кеңдігіндей сабыр берген. -
Күн көреді әкесіз де анасыз,
Өмір сүрер әйелсіз де баласыз.
Ал Отансыз — нағыз сорлы панасыз! -
Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,
Іс тынбайды «жанамын, күйем» менен...
Өгей әке емес қой Отан деген,
Отанды мен Атамдай иемденем. -
Екі Отан жоқ.
Жалғыз Отан — мекенің! -
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен... -
Қарыздармыз біз Отанға, барымызды берерміз,
Қарыздармыз біз Отанға, қарыздар боп өлерміз. -
Ал екінші бақытым — тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім... -
Доссызбын деп айта алман халқым барда.
Саясында хақым бар салқындауға.
Қарғамаса болғаны халқым мені,
Айналмаса болғаны нарқым дауға... -
Мына дала, мына өлке жап-жас әлі,
Адамдардың жоғалды сан жасағы,
Бір ұрпаққа бір ұрпақ жалғасады,
Мына дала, мына өлке жап-жас әлі... -
Талай нөсер төгілер, болар жасын,
Алапат күн әйтеуір жол алмасын.
Мына нұрлы өмірге тірек болған
Адамзаттың ұрпағы жоғалмасын!
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы