Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Абай Құнанбайұлы нақыл сөздері

Ағартушылар мен Алаш зиялылары · 1845–1904 · 39 сөз

Абай Құнанбайұлы — ұлы қазақ ақыны, ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Өлеңдері мен «Қара сөздері» арқылы білім мен еңбекке, ар-ұят пен адамгершілікке шақырған. Шығыс және орыс әдебиетін терең білген, аудармалар жасап, ән шығарған.

Абай Құнанбайұлы өлеңдері

  1. Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
    Әр нәрсеге өзіндей баға бермек.
    Таразы да, қазы да өз бойыңда,
    Наданның сүйенгені — көппен дүрмек.
  2. Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
    Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
    Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік
    Ер табылса жарайды, қылса сұхбат.
  3. Керек іс бозбалаға — талаптылық,
    Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
  4. Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас,
    Еңбек қылмас еріншек адам болмас.
  5. Көп топта сөз танырлық кісі де аз-ақ,
    Ондай жерде сөз айтып болма мазақ.
    Біреуі олай, біреуі бұлай қарап,
    Түгел сөзді тыңдауға жоқ қой қазақ.
  6. Әсемпаз болма әрнеге,
    Өнерпаз болсаң, арқалан.
    Сен де — бір кірпіш, дүниеге,
    Кетігін тап та, бар қалан!
  7. Майдағы жұрттың іші — қар,
    Бәйшешек қарға өнер ме?
    Ішінде кімнің оты бар,
    Қар жауса да сөне ме?
  8. Тұрлаусыздың қолынан не келеді!
    Ынтасыз қайтіп өнер үйренеді?
  9. Уайым — ер қорғаны, есі барлық,
    Қиыны бұл дүниенің — қолы тарлық.
  10. Өмір жолы — тар соқпақ, бір иген жақ,
    Иілтіп, екі басын ұстаған хақ.
    Имек жолда тиянақ, тегістік жоқ,
    Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ.
  11. Атасының баласы — адамның дұшпаны, адамның баласы — бауырың.
  12. Әкесі ұрысса балаға, ол да — достық, баласы ұрысса әкеге, жараса ма?
  13. Біріңді, қазақ, бірің дос,
    Көрмесең, істің бәрі бос.
  14. Көп айтса, көнді,
    Жұрт айтса, болды —
    Әдеті надан адамның.
  15. Атымды адам қойған соң,
    Қайтіп надан болайын?
    Халқым надан болған соң,
    Қайда барып оңайын?!
  16. Адасып, алаңдама, жол таба алмай,
    Берірек түзу жолға шық, қамалмай.
    Не ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ,
    Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай.
  17. Ел — артық сұраса да азға разы болады. Ел — аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас.
  18. Биік мансап — биік жартас: ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады.
  19. Еріншектік — күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік — бәрі содан шығады.
  20. Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: біріншісі — зор билік, екіншісі — есепсіз байлық.
  21. Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін,
    Ойланшы, сыртын қойып, сөздің ішін.
    Ыржаңдамай тыңдасаң нең кетеді,
    Шығарған сөз емес қой әңгіме үшін.
  22. Қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістетерлік күн болар ма екен?!
  23. Осы біздің қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісісін жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай?!
  24. Надан ел қуанбас нәрсеге қуанады, ұялмас нәрседен ұялады.
  25. Бірлік малға сатылса — антұрғандықтың басы осы.
  26. Ниетің түзу болса сенің аппақ,
    Екі елі аузыңа қойсаң қақпақ.
    Сыбыр, өсек дегенді сырттай жүріп,
    Ғылым, өнер, мал таппақ, жұртқа жақпақ.
  27. Жүректің көзі ашылса,
    Хақтың түсер сәулесі.
    Іштегі кірді қашырса,
    Адамның хикмет кеудесі.
  28. Әркімді заман сүйремек,
    Заманды қай жан билемек.
    Заманға жаман күйлемек,
    Замана оны илемек.
  29. Түбінде баянды еңбек егін салған,
    Жасынан оқу оқып, білім алған.
    Би болған, болыс болған өнер емес,
    Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.
  30. Ақылсыз би болмас,
    Сәулесіз үй болмас.
    Жүректе оты жоқ
    Адамда ми болмас.
  31. Өсекші — ел тыныш болса азады.
  32. Күн жоқта жұлдыз бен ай кісімсиді.
  33. Тамағы тоқтық,
    Жұмысы жоқтық,
    Аздырар адам баласын...
  34. Төңкеріліп құбылған жұрт — бір сағым,
    Шынға шыдап қоса алмас ынтымағын.
  35. Кекшіл болма — көпшіл бол.
  36. Татулықтан артық жолдас жоқ.
  37. Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
    Қызық келсе, қызықпа, оған ерме.
    Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
    Сонан тапқан — шын асыл, тастай көрме.
  38. Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой,
    Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар.
    «Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар,
    Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.
  39. Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек.
    Еңбекті сат, ар сатып неге керек?
    Үш-ақ нәрсе — адамның қасиеті:
    Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Басқа тұлғалардың қанатты сөздері

Көне түркі дәуірі

Билер мен жыраулар

Ағартушылар мен Алаш зиялылары

XX ғасыр ғалымдары мен жазушылары