Сұлтанмахмұт Торайғыров нақыл сөздері
Сұлтанмахмұт Торайғыров — қазақ ақыны, жазушы әрі ағартушы, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. Халықты оқу-білімге, еңбекке және ел қамын ойлауға шақырған өлеңдер, «Қамар сұлу» романын, «Адасқан өмір», «Кедей» поэмаларын жазды. Жас кезінде, 27 жасында науқастан қайтыс болды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдері
-
Лайық ел болуға ісің бар ма,
Намыс, ғылым, ынтымақ, күшің бар ма. -
Сүйемін туған тілді — анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім!
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін. - Ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек.
-
Бірінші: ел болуға намыс керек,
Мал-жанды намыс үшін салыс керек. -
Өнерлі ел бар мұқтажын жерден емеді,
Бар қиынды тек қана ғылым жеңеді. - Ел үшін еңбек етсең, халқыңа сүйкімді боласың.
- Ер өлсе де, елге еткен еңбегі өлмейді.
- Ел болудың бірінші тірегі — білім.
- Бақытқа жетудің ең «жеңіл» жолы — ел үстінен күн көру.
- Біздің қазақ — әнқұмар халық.
- Бір халықтың әні кетсе — сәні кетеді; сәні кетсе — жаны кетеді; қазақты жансыз ағаш қылып отқа жаққыларың келмесе, әнді сақтаудың қамын қылыңдар.
- Ер еңбегі — елге ортақ.
- Елге пайда — ерге абырой.
- Ердің еңбегін ел білерлік заман бізге де туар ма екен.
-
Ер бар ма елі үшін жан қиятын,
Басшы бар ма етегіне ел сиятын. - Қайдан табам халықтың шын баласын...
-
Оқу-білім көркеймек елге егіп пайдасын,
Ел жетіліп көркеймек өнер қанат жайғасын. -
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып, күн болам!
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы