Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ахмет Байтұрсынұлы нақыл сөздері

Ағартушылар мен Алаш зиялылары · 1872–1937 · 18 сөз

Ахмет Байтұрсынұлы — қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалым, ақын, аудармашы, ағартушы және Алаш қозғалысының жетекшілерінің бірі. Араб жазуы негізінде қазақ әліпбиін жетілдірді, «Қазақ» газетін шығарып, «Маса», «Қырық мысал» кітаптарын жазды. 1937 жылы қуғын-сүргін кезінде атылды.

Ахмет Байтұрсынұлы өлеңдері

  1. Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.
  2. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы — тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.
  3. Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау.
  4. Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды.
  5. Бала бастауыш мектепте бар пәнді тек ана тілінде ғана оқуы керек.
  6. Адамға ең қымбат нәрсе — жұрт қамы, жұрт ісі.
  7. Халықтардың басынан өткізген анайылық шағы — біздің балалық шағымыз мысалды.
  8. Ел бағатындар — ел бағуларын жақсы білулері керек.
  9. Жер мәселесі — қазақтың тірі я өлі болуының мәселесі.
  10. Оқусыз халық қанша бай болса да — біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшеді.
  11. Білім — бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.
  12. Халықтың ісі — бұрап қалса басқа жөнге келетін машинаның тетігі емес.
  13. Жұртқа керегін білетіндер — көп, істейтіндер — аз.
  14. Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қыламын деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенше қарап тұрмай кірісіп істей берсе — ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы.
  15. Талап жоқ, үміт мол бір халықпыз.
  16. Қарышта өз жұртыңа барың болса,
    Өзге елдің өзінде көп бізден басқа.
  17. Жұрт ұқпаса — ұқпасын, жабықпаймын,
    Ел — бүгінші, менікі — ертеңгі үшін.
  18. Ұл туып, ұлы жолда қызмет етсе,
    Онан зор ұлтқа бар ма ырыс деген?!

Басқа тұлғалардың қанатты сөздері

Көне түркі дәуірі

Билер мен жыраулар

Ағартушылар мен Алаш зиялылары

XX ғасыр ғалымдары мен жазушылары