Шерхан Мұртаза нақыл сөздері
Шерхан Мұртаза — қазақ жазушысы, публицист, журналист, қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы. «Қызыл жебе» роман-эпопеясы мен «Ай мен Айша» романының авторы. Ана тілі мен ұлттық рух мәселелерін үнемі көтеріп отырды.
- Рухы мен намысы сөнген ел — өлген ел.
- Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт — тарихынан, түп-тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық — ата-бабасының, туған әкесі мен анасының атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мәңгүрт деп атайды.
- Ана тіліміздің мәртебесін көтеру — басқа тілдердің жолын кесіп, бағын байлау емес. «Өзің өлме — өзгені де өлтірме» деген сөз.
- Ұлтсыздық — отансыздықтың белгісі.
- Сақтасаң — қазаққа жау болған қазақтан сақта!
- Рухани әлемі кең, рухы биік ел — қайсар ел. Ондай елді ешкім жеңе алмайды. Рухы сынған, рухани жүдеген елді жеңу де — жеңіл.
- Отанды, ұлтты, әдебиетті, оның болашағын сүю үшін көп айқайдың керегі жоқ. Тынымсыз, жанашыр, табанды әрекет керек.
- Рухани азып-тозу — өліммен тең.
- Рухтың анасы — ана тіліндегі кітап...
- Тәуелсіздік — адам құнымен өлшенеді.
- Мемлекетімізге, зарығып жеткен тәуелсіздігімізге төніп тұрған орасан қауіп — жемқорлық, парақорлық, ұрлық-қарлық!
-
Демократия — жүгенсіздік емес,
Бостандық — жүйесіздік емес. - Тәуелсіздіктің жолы — қатты, дәмі — тәтті.
- Астана — қазақтың бөлінбес бірлігінің, мәңгілік тұтастығының символы болуы шарт.
- Қазақ елі — жаралы теңбіл барыс сияқты. Ылдидан қарғып шыққан жолы қан сорғалаған ізге толы. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс — 1986 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске жалғасты.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы